Компания туралы
Бұл бөлімде Сіз Ailand компаниясының құрылу тарихымен таныса аласыз!



1
Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаевтың бастамасымен «Думан» ойын –сауық орталығы 2003 жылы ашылды, 2017 жылы орталық «Аіland» деген жаңа атауға ие болды.
  

«Ailand» Астана қаласының сол жағалауында, Қорғалжын тасжолы бойында орналасқан, орталықтың аумағында үлкен көлік тұрағы бар. Бүгінгі күні «Ailand» ОСО құрамына келесілер кіреді:


Мұхитарал - Қазақстандағы тұңғыш, әлемдегі бірегей мұхитарал, мұхиттан 3000 шақырымнан астам қашықтықта орналасқан - «Дала төсіндегі мұхит тамшысы»!
2

Мұхитарал сыйымдылығы 3 миллион литр болатын басты тоғаннан, және көлемі әртүрлі  жиырма аквариумы бар үш  үлкен көрме аймағынан тұрады. 

 «Джунгли» Аниматроникстер  Театры  - бұл  динозаврлар, трицерапторлар мен  тираннозаврлар  дәуіріне  қызықты саяхатқа шақыратын жоба.

Аквапарк - Астанадағы  бірегей жабық аквапарк, аумағы 8500 ш.м., мұнда   жеті түрлі су сырғанағы,   толқынды бассейн,  «баяу»  өзен, ультра жайлы SPA-аймақтары орналасқан.  

3

Шолу шеңбері  - Қазақстандағы ең үлкен шеңбер, биіктігі -  65 метр.

Панорамалық көрініске арналған    36 кабина  ауабаптағыш және жылыту жүйесімен жабдықталған,  келушілердің   жылдың  төрт мезгілінде де  аттракционға келуіне   мүмкіндігі бар. 

Құс ұшатын биіктен  әсем астана көрінісін тамашалауға болады.

«Monteverde» - ресторандар желісі, оның құрамына «Malibu Monteverde»  екі фуд-корт аймағы, «Family Monteverde» отбасылық ресторан,  жазғы террасасы бар «Monteverde Lab»  кафесі,  және  250 орындық  «Ballroom»  банкет залы кіреді. 



   
1/2


Миссия

Біз таңғажайып сәттер естеліктерге айналатын, жүректерде ұмытылмастай есте қалатын ерекше орын жасай отырып, адами қарым қатынастарды нығайтамыз.



Біздің ойын-сауық бағдарламамыз кішкентай тұлғалардың дүниетанымын кеңейтуге және жаңа тәжірибе алуға басымдық бере отырып құрылған.

Біз тұрғындардың әлеуметтік әлсіз топтарына ерекше ықыласпен қарым-қатынас жасаймыз, олар үшін бізде жеңілдіктер жүйесі қарастырылған, сонымен қатар, олардың жайлы демалысы үшін барлық жағдайлар жасалған.



Партнеры



mercur
merey
kok tobe
arasan
nurbank

0%