Мұхитарал

Бұл - Қазақстандағы тұңғыш, әлемдегі бірегей Мұхитарал, мұхиттан 3000 шақырымнан астам  қашықтықта орналасқан - «ДАЛА ТӨСІНДЕГІ МҰХИТ ТАМШЫСЫ»

Кері қайту  


   
1/19
Қазақстандағы тұңғыш, теңіздер мен мұхиттардан ең қашықтықта (3000 шақырымнан астам) орналасқан, әлемдегі бірегей Мұхитарал ретінде Гиннес Рекордтар кітабына енгізілген.

Мұхитаралдың сыйымдылығы 3 миллион литр суды құрайды, мұнда жердің әр түкпіріндегі 100 астам теңіз фаунасының өкілдерінен тұратын 3000 теңіз мекендеушілері тіршілік етеді.

Мұхитаралдың басты көзайымы- қалыңдығы 7 см акрил шынысынан жасалған үлкен аквариум, оның астында жылжымалы жолы бар ұзындығы 70 метрлік туннель жабдықталған.

Мұхитарал әр түрлі көлемді 20 аквариумы бар үш үлкен көрме аймағынан тұрады. Көрменің әр аймақтарында Оңтүстік Америка мен Оңтүстік Шығыс Азия, жағалау аймақтары, тұңғиық су мен кораллды риф тұщы су мекендеушілері мекендейді.

Әр түрлі пішінді аквариумдардан табиғи ортаға өте ұқсас ортадағы балықтардың тіршілігін бақылауға, жыртқыш балықтардың азықтану сәтін көруге мүмкіндік туады.

Мұхитаралдың тіршілігі суды даярлау, суды қалыпты жағдайда ұстау, тазарту үшін қажетті ерекше жүйе арқылы жүзеге асырылады. Қызыл теңіз тұзының көмегімен дайындалған су тұйық айналым жүйесінде үнемі тазартылып отырылады, төгіп ауыстыруды қажет етпейді.

Сезімдер теңізіне малыныңыз!

Мұxитаралдың тұрғындары



0%