Аквапарк

Астана қаласындағы бірегей жабық аквапарк жоғары  сапа стандарттарына сәйкес жасалған. Бұл - отбасына арналған тамаша демалыс орыны!

Кері қайту  


   
1/19
Астана қаласындағы жабық аквапарк 1500 адамға арналған, ауданы 8500 шаршы метр. Оның аумағы екі қабатты да қамтиды, мұнда жоғары сапа стандарттарына сәйкес отбасымен демалуға жайлы жағдай жасалған, сонымен қатар, ыңғайлы лифттермен және мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған пандустармен жабдықталған .

Аквапаркте «Жылы едендер» және климат - бақылау жүйелері орнатылған. Бассейндегі су температурасы 30-32 градус шамасында.

Екі қабатта да ерлер және әйелдердің киім ілетін бөлмелері, орыс моншасы бар. Бұдан өзге, екінші қабатта түрік хамамы, фин саунасы мен инфрақызыл сауна, массаж кабинеті және алкогольсіз, алкогольді сусындарды тұтынуға мүмкіндік беретін дымқыл фуд-корт орналасқан.

Бірінші қабатта аквапарктің ұзындығы бойымен «баяу» өзен ағып жатыр, суда жүзгенде жаныңыз тыныштық пен жайлылыққа бөленеді. Екі бассейн бар, оның бірі -толқынды бассейн балаларға ғана емес ересектерге де көңіл көтеруге мүмкіндік береді.
Үлкен балалар алаңында және сахнада аниматорлар жұмыс істейді. Мұнда жүзуге арналған тауарлар, әртүрлі балалар ойыншықтарының түрлі-түсті ассортименті және сусындар сатылатын дүкені бар шағын арал орналасқан.
Фонтан, сонымен қатар, жеті түрлі су сырғанағы көлемі мен сырғанау тәсілі бойынша ерекшеленеді, әрбір сырғанақта екі құтқарушы қызмет көрсетеді, олар келушілерге дұрыс сырғанауға үйретеді. Сырғанақты пайдалану ережелерін сақтау өте маңызды.

Жұмыс тәртібі:

Дуйсенбі: 13:00-22:00

Жұмыс күндері: 10:30 – 22:00

Жұма, сенбі, жексенбі: 10:30-23:00


Сырғанақ түрлері

Келушіге жаднама 

Жалпы ережелер

0%