Шолу шеңбері

Қазақстандағы ең үлкен шеңбер Астана қаласының көрікті орындарының біріне  айналды. Оның биіктігі -  65 метр, салмағы - 270 тонна.

Кері қайту  


   
1/19
Қазақстандағы ең үлкен шеңбер Астана қаласының көрікті орындарының біріне айналды. Адамға құс қалықтар биіктен жерді көру ежелден қызықты болған. Көп адамдар ел астанасын биіктен көруді армандайды, өйткені, Астана – таңқаларлық жылдам қарқынмен дамыған, заманауи, әсем, ізгі ниетті қала. Биіктен қарағандағы қала көрінісі көзді тартады, жаңа әсерге бөлейді, шабыттандырады.

Шеңбердің биіктігі - 65 метр, салмағы - 270 тонна.
Аттракцион қаланың панорамалық көрінісін тамашалауға арналған, 36 кабинамен жабдықталған, олардың төртеуі – жоғары сапалы жайлы кабина. Сыйымдылығы төрт және алты адамдық.

Конструкциясы Астананың климаттық жағдайына арнайы бейімделіп әзірленген, мұндай шеңберлер торнадо аймақтарында да тұр. Аттракцион техникалық тексерістен өткізілген, ТМД елдерінің нормалары мен МЕМСТ-ке сәйкес келеді. Кабиналар ауабаптағыш және жылыту жүйесімен жабдықталған, келушілердің жылдың төрт мезгілінде де аттракционға келуіне мүмкіндігі бар.

Қысқы маусымда Шолу шеңбері 15 градусқа дейінгі суықтағы, желдің секундына 20 метрге дейінгі жылдамдықтағы ауа райында жұмыс істейді.

Жалпы ережелер

0%