Мейрамханалар

Әр түрлі әлемдік тағамдар мен коктейльдердің әр алуандығы, жайлы интерьер мен қонақжай персонал Сіздің демалысыңыздың сәнін келтіреді және ерекше жағымды дәм береді.

Кері қайту  


   
1/19
«Monteverde Lab» - бұл қолжетімді бағаға дәмді ас ішуге болатын жайлы кафе. Ахуалы таңғажайып осы кафенің шатыры астында ағаш отынмен жанатын күмбезді пеші бар итальян  пиццериясы, татымды мексикалық  асүй, жапон сушиі мен роллдары бірлесіп, гармониялық үндестік табуда. Авторлық коктейльдер, берекелі шай картасы және хош иісті кофе үлкен сұранысқа ие.

Итальян асүйінің үздік дәстүрімен әзірленген  нәзік пицца, дәмді бургерлер фастфуд әуесқойларын бейтарап қалдырмайды. Тәттісүйгіштерді балмұздақтар мен тәтті пісірмелердің  үлкен ассортименті таң қалдырады.  
«Monteverde Lab» - бармендер әртүрлі коктейльдерді әзірлеудің үздік формулаларын шебер меңгерген лаборатория ахуалын сезінетін, жанға жайлы орын.

Бұл – достармен кездесуге, сүйіктіңмен кездесуге және балалармен бірге отбасылық демалыс өткізуге лайықты орын. Мұнда әрқашан балалар мерекелері мен отбасылық тойларды атап өтуге болады.

Бірінші қабатта, Ойын-сауық орталығына кіреберістің сол жағында 80 адамдық орынға арналған жазғы террасасы бар «Monteverde Lab» кафесі орналасқан.

Екінші қабатта «Monteverde Malibu» фуд-кортының дымқыл және құрғақ залдары бар екі аймағы, сонымен қатар, 200 адамға арналған   «Monteverde Family» отбасылық рестораны орналасқан.

Келушілерге 250 адамға арналған үлкен «Ball room» банкет залы есігін ашады. Бұл үйлену тойларын, мерейтойлар,  ас беру, фуршеттер, кофе-брейктер және  конференцияларды өткізуге табылмас тамаша орын.

«Monteverde Malibu» -  біздің фирмалық гамбургерлер, қанаттар, пиццалар және кислородты коктейльдер ұсынылатын аквапарктің дымқыл және құрғақ аймақтардағы фуд-корт.

«Monteverde Family» - бұл, ересектер ас мәзірінен дәм татып, демалып отырғанда, аниматорлар балаларға ойындар ойнатып, қуаныш сыйлайтын ойын-сауық бөлмесі бар отбасылық ресторан. Мекеменің ең негізгі басымдығы – ас әзірлеуге арналған балық арнайы жабдықталған  аквариумнан алынады!
Сонымен қатар, алуан түрлі  фирмалық  стейктер мен шараптар Сізді таңдандырары сөзсіз.

0%