• Главная
  • «АЙЛАНД»   ОДО-ға   БАРУ  ЕРЕЖЕЛЕРІ

«АЙЛАНД»   ОДО-ға   БАРУ  ЕРЕЖЕЛЕРІ

1. «Айланд» ОДО-ға  барудың жалпы ережелері

  1. Ережелерді қолдану  және  ақпарат.

– «Айланд» отбасылық демалыс орталығының (бұдан әрі – «Айланд» ОДО) аумағында барлық Келушілер үшін міндетті болып табылатын әкімшілік белгілеген ішкі тәртіп ережелері бар. «Айланд» ОДО-ның осы ережелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әзірленген. Бұл ережелер «Айланд» ОДО  аумағында тиісті қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған.

– «Айланд» ОДО  аумағында өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат веб-сайтта, ақпараттық стендтерде және басқа ақпарат құралдарында орналастырылған. «Айланд» ОДО  іс-шаралардың мазмұны мен кестесіне өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады.

  1. Қызметтерге  ақы төлеу шарттары.

1. «Айланд» ОДО  аумағына кіруге клиенттің ресми сауда нүктелерінде («Айланд» ОДО кассасы және «Ailand» мобильді қосымшасы, уәкілетті серіктестер) сатып алған билеті болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

2. Билет сатып алу кезінде Келуші осы Ережелерді оқып, танысуға міндетті.

3. Билет сатып алу «Айланд» ОДО-ға барудың барлық ережелерін қабылдап, келісуді  білдіреді.

4. Кіру билеттері мен фискалдық түбіртектерді «Айланд» ОДО аумағында болған  мерзімі кезінде              сақтап, орталық қызметкерлері талап еткен жағдайда  ұсыну қажет.

5. Билет билетте көрсетілген күні ғана жарамды және оны басқа күні пайдалануға болмайды.

  1. Билетті қайтару.

1. Билет құнын қайтару келушінің жазбаша өтініші бойынша қайтару себептерін және келушінің жеке куәлігінің көшірмесін чектің көшірмесін, банк шотының электронды деректерін)  міндетті түрде көрсете отырып жүзеге асырылуы мүмкін.

2. Билет құнын қайтару тек түбіртек пен билеттің өзі болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Өтінішке осы құжаттардың көшірмелері қоса берілуі тиіс.

3. Өтініш берілген күннен бастап 14 күнтізбелік күн ішінде турникет билетті іске қоспаса, билет құнын қайтаруға болады.

4. Билет құнының жартысын қайтару мүмкін болмауы себепті, «1-гі 3» билетінің құны қайтарылмайды.

5. Билет турникет арқылы іске қосылған жағдайда, қайтару өтініште көрсетілген қайтару себептері елеулі деп танылған жағдайда, «Айланд» ОДО басшылығының шешімі бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

6. Егер, келуші билет құнын  шотқа  аудару арқылы қайтарып алғысы келсе, билет құны қайтарылған соманың 10% мөлшерінде комиссия (ақшаны аударғаны үшін банктің комиссиясы)  ұстала отырып, қайтарылуы мүмкін.

7. Аттракциондардағы техникалық ақаулар немесе «Айланд» ОДО-ның басқа кінәсінен болған жағдайда, билет құны қайтарылған соманың 10% мөлшерінде комиссия ұсталмастан қайтарылады.

  1. Киімжайды  пайдалану ережелері

1.  Аквапарк Келушілеріне арналған киімжай  «Ailand»  ОДО  жұмыс тәртібіне сәйкес, күзгі-қысқы-көктемгі кезеңде күнсайын жұмыс істейді.

2. «Ailand»  ОДО-ға кірерде Келуші  киімжайға  өзінің сырт киімін өткізуге міндетті.

3. Киімжайға қабылданбайды:  – зонттар, портфельдер, сумкалар, дипломаттар, – бағалы заттар, құжаттар, ақшалар, төлем карталары, – телефондар, ШДК, кілттер, әшекейлер, – кір  және  жағымсыз исі бар киімдер, заттар, – тағамдар.

4. Әкімшілік жауапты  болмайды:

–   ақшалар мен бағалы заттардың  жоғалғаны үшін;

–   киімжайдан алынған заттардың сақталуы, тұтастығы, толымдығы үшін.

5. Келуші  киімжайға сырт киімін  өткізген соң,  орнына нөмірлі жетон алады. Келуші нөмірлі жетон жоғалтқан жағдайда, Келуші айыппұлдар Прейскурантында көрсетілген мөлшерде  айыппұл төлеуге міндетті.

6. Келуші нөмірлі жетонды жоғалтқан жағдайда,  киімжай қызметкері  киімжайға   өткізілген мүліктің  оған  тиесілі екенін  қауіпсіздік қызметкерінің көзінше дәлелдеуді  талап етеді. Келуші жоғалған нөмірлі жетон үшін төлемді жасаған соң  және өз мүлкін алғаны туралы  жазған қолхатын  берген соң ғана аталған мүлік Келушіге қайтарылады.

7. «Ailand» ОДО территориясынан шығар кезде, Келуші  киімжайға бұрын   өткізген заттарын киімжайдан алып кетуге міндетті.

8. Егер, киімжайға   өткізілген сәттен бастап  үш ай ішінде  киімдерді иелері киімжайдан алып кетпеген жағдайда, аталған  киімдер жойылады 

1.5.  Әкімшіліктің  құқы  мен  міндеттері.

1. Әкімшілік  құқылы:

– Техникалық себептермен  «Ailand» ОДО әкімшілігі жұмыс сағатын және ОДО-ның  жабылу уақытын өзгертуге құқылы.

– Негізделген дәлелді жағдайларда,  Қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері «Ailand» ОДО Келушілерінің қол сөмкелерін және жеке  заттарын тексеруге құқылы. Келушілер де өз кезегінде қол сөмкелерін және жеке  заттарын  көрсетуге тиісті.

–  Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, «Ailand» ОДО-да  бейне бақылау жүргізіледі. Аталған шараларды қолдану аясында жасалған, Келушілердің қатысуымен  таспаға түсірілген  кез келген бейнежазба  Қоғамдық қауіпсіздік мақсатында пайдаланылуы немесе қолданыстаға Заңнама аясында  іс-жүргізуді қарауға пайдалану үшін  полицияға тапсырылуы мүмкін екендігіне Келушілер келісім береді.

1.6. Келушілердің  құқы мен міндеттері.

1. Келушілер  құқылы :

– «Ailand» ОДО-ның қызмет  түрлері туралы  қажетті барлық ақпаратты алуға.

2. Келушілер  міндетті:

– Кіру  ережелерін және  қауіпсіздік техникасының  ережелерін сақтауға.

– «Ailand» ОДО қызметкерлері және Келушілерімен   сыйластықта  болуға.  

1.7. «Ailand» ОДО аумағында  тыйым салынады:

1.Территорияға велосипед, мотоцикл, роликті коньки, скейтбордпен  және өзге де спорттық қозғалыс құралдарымен, екі немесе үш дөңгелекті өзін-өзі баланстаушы электр самокатпен  кіруге  және тебуге.

2. Үй  жануарларымен  (иттер, мысықтар және т.б) бірге кіруге.

3. «Ailand» ОДО билеттерін (коммерциялық мақсатта  немесе жеке бас пайдасы үшін) қайта сатуға, біреуге беруге, немесе   таратуға.

4. «Ailand» ОДО  қызметтік  үй-жайларға кіруге.

5. «Ailand» ОДО персоналына,  келушілеріне балағат сөздер айтуға,  немесе өзге де әрекеттермен  өзге келушілердің  намысына тиюге.

6. «Ailand» ОДО әкімшілігінің алдын-ала  жазбаша келісімінсіз, коммерциялық мақсатта  фото-, бейне түсірілімдер жасауға. Журналистер «Ailand» ОДО  территориясындағы іс-шаралар кезінде 23 шілде 1999 жылғы  № 451-I «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы»  ҚР Заңының ережелерін басшылыққа алуға міндетті.

1.8. Тараптардың жауапкершілігі

1. «Ailand» ОДО мүлкін бүлдіргені үшін келушіден мүліктің нақты құнының, тасымалдау шығынының,  және осы мүлікті құрастырудың  есебінен ақшалай өтемақы алынады.

2. Қалалық қызмет  көрсету бөлімдерінің  алдын-алу немесе  жөндеу-құрылыс  жұмыстарын жүргізуі   себепті туындаған техникалық жайсыздықтар үшін  «Ailand» ОДО жауапты болмайды.

3. Үшінші тұлғалардың  заңға қайшы әрекеттерімен  Сіздің денсаулығыңызға және мүлкіңізге келтірген  зияны үшін «Ailand» ОДО жауапты болмайды.

4. «Ailand» ОДО осы ережелерге біржақты  тәртіппен   өзгерістер енгізуге құқылы болады; мұндай өзгерістер «Ailand» сайтынның жаңартылған нұсқасы – www.ailand.kz жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

2.  Мұхитаралға кіру ережелері мен талаптары

1. Мұхитарал аумағына бір билетпен, бір ретке ғана кіруге.

2. Мұхитаралға  0-12 жастағы балалар  ата –анасы немесе  заңды өкілі ертіп келген  жағдайда ғана келе алады.

3.Мүгедек адамдар Мұхитарал аумағына тек қана  ересек-қамқоршының ертіп жүруімен кіре алады (ертіп жүруші 50% жеңілдікпен) .

4. Мұхитарал аумағында тыйым салынады:

–  сыртқы киіммен кіруге;

–  спиртті ішімдіктерді алып кіруге және тұтынуға;

– қосымша жарықты пайдалана отырып, Мұхитарал мекендеушілерін фотоға түсіруге және бейне   түсірілім жасауға;

– экспозициялық балықтарға азық беруге, аквариумға  бөгде  заттар тастауға.

– аквариум әйнектері  мен декорацияларды ұрғылауға, ашық аквариумдерге қолдарын салуға, тұтқаларға шығуға.

5. Мұхитарал территориясында  экскурсия өткізу  тек қана штаттағы «Ailand» ОДО  сапарсерігіне рұқсат етіледі.

6. Экскурсиялық бағдар бойынша жүрген кезде, жол көрсеткіш ақпараттық табличкаларға назар аудару керек. Ғимараттың  маңызды   бөлігі мұхитаралды тіршілікпен қамту жүйесіне  бөлінген.

7. Кіру Ережелері мен  қоғамдық тәртіп бұзылған, сондай-ақ,  өзге  Келушілерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда,  әкімшілік Келушіге қызмет көрсетуден  бас тартуға  және  оны Мұхитарал территориясынан шығарып жіберуге құқылы (бұлар жалпы ережелерде де жазылған)

8. Келуші мұхитарал мүлкін бүлдірген  және жойған жағдайда, келтірілген  материалдық залалды  толық өтеуге міндетті.

3. «Джунгли»  аниматроникстер  саябағындағы  тәртіп  ережелері

1.  «Айланд» ОДО-ның жұмыс кестесіне сәйкес «Джунгли» аниматроника паркіне кіргізу, кіретін адам саны  35 (отыз бес) адамға толған соң, театр қызметкерлерінің нұсқауымен  жүзеге асырылады.

2.  «Джунгли» аниматроникстер  саябағындағы экскурсия кезінде Келушілер сапарсеріктің  нұсқауымен жүруге тиісті.

3.  «Джунгли»  аниматроникстер  саябағына  0- 12 жастағы балаларға   ата-анасы немесе заңды өкілдері ертіп келгенде ғана кіруге рұқсат етіледі.

4. Мүгедек адамдар Джунгли аумағына тек қана  ересек-қамқоршының ертіп жүруімен кіре алады (ертіп жүруші 50% жеңілдікпен). 

4. Тыйым салынады:

-Сырт  киіммен кіруге; 

-Тамақ  пен  сусындарды алып кіруге;

-Спирттік  сусындарды алып кіруге және ішуге; 

-Экспонаттарға залал келтіруге.

5. Келушінің  «Джунгли»  аниматроникстер  саябағындағы  жүріс-тұрысережелерін  бұзуы нәтижесінде туындаған оқыс оқиғалар үшін Әкімшілік жауапты болмайды.

4. Шолу шеңберіндегі   қауіпсіздік техникасының  ережелері

1. Бір  кабинадағы рұқсат етілген  жолаушылар саны:

   – Стандартты кабинада –  6 адам;

   – Жайлы  кабинада – 4 адам;

2. Алкогольдік және есірткілік масаң күйдегі тұлғаларға аттракционға келуге тыйым салынады. Әсері күшті дәрілік препараттар тұтынған адамдарға  аттракционға келуге тыйым салынады.

3. Келушілерге, жасына қарамастан,  дәрігерден аттракционға келу  мүмкіндігі туралы кеңес алу ұсынылады.

4. Мүгедек адамдар Шолу шеңберінің  аумағына тек қана  ересек-қамқоршының ертіп жүруімен кіре алады (ертіп жүруші 50% жеңілдікпен).    

5. Аттракционды  пайдалануға рұқсат етілмейді:

-жүкті әйелдерге; жүйке- психикалық ауытқулары бар,  жүрек-қан тамырлары  ауруымен ауыратын, тірек-қимыл аппараты бұзылған,  омыртқа ауруларымен ауыратын,  вестибулярлық  аппараты  бұзылған, жиі басы айналатын,  биіктіктен қорқатын тұлғаларға.

6.Тыйым салынады:

-қозғалыс кезінде шылым шегуге,  спирттік ішімдіктерді ішуге; сеанс кезінде кабинкаларды шайқауға; -қозғалыс кезінде кабинаға секіріп шығуға  және  секіріп түсуге; -кабинаның есіктері мен  әйнек ойықтарын өз бетімен ашуға тырысуға; -роликті  конькимен, мұзайдын  конькиімен кабинаға кіруге; -кабинаға  ірі  көлемді заттар алып кіруге; -қоларба және өзге  қозғалыс құралдарын кабинаға алып кіруге.

7.Физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты, аттракционда болғанда қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкін болмайтын келушілер қасында  ертіп жүруші тұлға болмаса, аттракционға жіберілмейді.

8.Келушінің  аттракционды пайдалану ережелерін  бұзуы нәтижесінде туындаған оқыс оқиғалар үшін Әкімшілік жауапты болмайды.

9. Шолу шеңберіне келушілерді отырғызу және түсіру механизм тоқтаусыз  айналып тұрған кезде жүзеге асырылады, сондықтан: мүмкіндігі шектеулі келушілерді шеңбер тоқтаусыз  айналып тұрған кезде аттракционға отырғызу  қауіпті, сол себепті: олар аттракционға жіберілмейді.
 

5. Балықтарға азық беру  ережелері

1. Балықтарға азық беруге барған  адам саны  бір уақытта 15-тен  аспауға тиісті .

2. Қатаң тыйым салынады:

–  Өзіңізбен бірге тамақ, сусындар, дәрі-дәрмек, пиротехникалық бұйымдарды алып келуге;

–  Жануарлармен келуге;

–  Жарақаттауы мүмкін заттарды әкелуге;

–  Балықтарға  өзіңіз әкелген  тамақты  немесе жемді  беруге;

3. Әкімшілік міндетті:

–  Қызмет ақысын төлеген келушіге азық салынған  бөтелке беруге;

 4.Келуші келу ережелерін және қоғамдық тәртіпті бұзған жағдайда, сондай-ақ басқа Келушілердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген жағдайда әкімшілік Келушіге қызмет көрсетуден бас тартуға және оларды балық қоректенетін аумақтан шығаруға құқылы.

6. «Ailand» ОДО  аквапаркіне  келу ережелері

  6.1. Аквапарк территориясына  келесілер кіреді:

-аквапарк ғимаратының сулы-ойын-сауық аймағы, оның ішінде: су сырғанақтары, бассейндер, толқынды бассейн, тоғандар, аттракцион «Баяу өзен», джакузи, фонтан; -термо-релаксация аймағы (сауна, монша, бассейндер, массаж кабинеттері); сусырғанақтары, бассейні бар  Aquakids отбасылық қалашығы; -қоғамдық тамақтандыру қызметін көрсету аймағы (кафелер, барлар); -киімжай аймақтары; медициналық  кабинет;-санитарлық-гигиеналық аймақтар ( киім ауыстыру кабиналары, киім мен жеке заттарға арналған дербес шкафтар, душтар  және  сантораптар);

6.2. Аквапарк қызметін пайдалану  ережелері

1. «Ailand»отбасылық  демалыс  орталығының аквапаркіне (бұдан әрі – «Аквапарк») кіруге  тек  қана  электронды  браслет алған тұлғаларға құқық беріледі.

2.   Электронды білезік жоғалса, келуші 5000 теңге айыппұл төлеуге міндетті.

3. Келушілер Аквапарк территориясында  тек қана Аквапарк жұмысының бекітілген сағатында  ғана болуға құқылы. Аквапарк жұмысының сағаты  кіреберісте, Тұтынушы бұрышында, сонымен қатар, Аквапарктің ресми  сайтында  көрсетілген. Келушілер  жұмыс уақыты аяқталған соң Аквапарк  ғимаратын босатуға міндетті.

4. Аквапарк жұмысының аяқталуынан  1 сағат бұрын Әкімшілік Келушілерге Аквапарктің жабылатыны  туралы ескертеді. Аквапаркте болған уақытын  Келуші дербес қадағалайды.

5. Аквапарк жұмысының аяқталуына  4 сағаттан аз уақыт қалғандаӘкімшілік кассада тұрған  келушілерге Аквапарк жұмысының аяқталып қалғаны  туралы ескертеді.

6. Келушілерді кіргізу Аквапарк  жұмысы аяқталғанға дейін 2 сағат бұрын тоқтатылады.

7. Жекелей тарифтер бойынша қызметтерді сату, сатып алынған қызметтерді көрсетуге қажетті уақытты ескере отырып, алдын  ала  тоқтатылады.

8. Адамдардың аквапаркте  болу нормативі артып кеткен жағдайда, Әкімшілік билет сатуды тоқтатуға  құқылы болады.

9. Келушілер бір біріне құрметпен қарауға  және   өзге Келушілердің демалысына кедергі келтірмеуге тиісті.

10. Келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Аквапарктің барлық  территориясында  бейнебақылау орнатылған (киім ауыстыру кабиналары, душ және дәретханалардан өзгелері)

10. Келушілер Аквапарк қызметкерлерінің Аквапарк территориясында  қауіпсіздікті,   тәртіп пен  тазалықты сақтау туралы талаптарын орындауға тиісті. Ережелерді бұзған келушілер   ОДО қызметкерлері және  қауіпсіздік қызметінің талап етуімен ОДО аумағынан шығып кетуге тиісті. Келуші ОДО аумағынан шығып кетуден бас тартқан жағдайда полиция жасағы шақыртылады.

11. Күтпеген техникалық ақаулар  туындауы себепті аттракциондарды пайдалану мүмкін болмаған    жағдайда  форс-мажорлық жағдайға теңестіріледі, Аквапаркте болған уақытында баға арзандатылмайды (бұл билет құнын қайтаруға және өтеуге себеп болуға негіз болмайды).

12. Күтпеген, төтенше немесе оқыс жағдайлар туындаған кезде, келушілер  Аквапарктен  шұғыл шығып кетуге міндетті.

13. Тегін берілетін  шезлонгтар, сырғанауға арналған арнаулы құралдар (бір-екі орындық шеңберлер, рафттар) және бағалы заттарды  сақтау камералар саны шектеулі, сондықтан осындай жайсыздықтарға байланысты шағымдарды Әкімшілік қабылдамайды.

14. Ақылы қосымша қызмет көрсету  аймағы өзге  Келушілер  үшін шектеулі болуы мүмкін.

15. Сулы-ойын-сауық аймағы (сырғанақтар, аттракциондар) және қоғамдық тамақтандыру қызметін көрсету аймағы  (кафелер, барлар)  Аквапарк жабылғанға дейін  20 минут қалғанда  өз қызметін тоқтатады.

16. Аквапарк территориясында әйелдер синтетикалық суға түсу костюмін, ал ер адамдар – синтетикалық плавки, 2 жасқа дейінгі балаларға  арнаулы су өткізбейтін  памперс кигізуге міндетті. Мақта-матадан тігілген суға түсу костюмін киюге тыйым салынады.

17. Тайғанақ едендерде травматизмді болдырмау және жеке бас гигиенасын сақтау мақсатында, Келушілер міндетті түрде Аквапарк ішінде  резина  табанды  аяқкиім киюге тиісті.

18. Жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, Келушілер Аквапарктің  аттракциондары мен  бассейндеріне белбеулер, қаптырма, баулар, метал әшекейлері, сәндік  әшекейлері бар  суға түсу костюмдерімен келуге  қатаң тыйым салынады.

19. Келушілер бір бірін құрметтеп сыйлауға  және өзге  Келушілердің демалысына кедергі келтірмеуге тиісті.

20. Келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету  және  террорлық  актілердің алдын алу мақсатында Келушілер  жеке заттарын Аквапарктің қауіпсіздік қызметінің қызметкерлеріне  тексеруге көрсетуге міндетті.

21. Келуші аквапаркке  браслет  сатып аларда  осы ережелермен  және балалар үшін жауапкершілік  туралы мұқият танысқанын және  сақтайтыны туралы қолхат толтыруға міндетті.

22. Браслетті пайдалану тәртібіне қатысты сұрақтар туындаған кезде, Келушінің Аквапарк  персоналынан сұрауына болады.

23. Аквапаркте болған уақытын Келуші  ақпараттық  терминал көмегімен дербес бақылайды. Аквапарктегі уақыттық лимитті асырғаны үшін,  Келуші есептеулер және бекітілген қолданыстағы  прейскурант бойынша   әрбір артық 10 минут үшін қосымша төлем жасайды.

6.2  Аквапарк  келушілерінің құқықтары:

1. Ойын-сауық  аймағының территориясында орналасқан шезлонгтар, бассейндер, сырғанақтар, моншалар, сауналарды  пайдалану билет құнына кіреді.

2. Аквапарктің қандай да бір  қызметін пайдалануға қатысты түсінбестік туындағанда  Келушілер  қажетті ақпаратты алу үшін Аквапарктің жауапты қызметкерлеріне сауал қоюға құқылы.

3. Келуші өз қалауынша, мерзімінен бұрын  сеансты тоқтатуға және  Аквапарктен шығып кетуге  құқылы. Төленген уақытты толық пайдаланбаған кезде ақшалай өтемақы жасалмайды.

4. Аквапарктің барлық  Келушілері  дәрігерге дейінгі алғашқы көмек алуға құқылы.

5. Келушілер осы Ережелерде қарастырылған  өзге құқықтарды да пайдалануға  құқылы.

6.  Аквапарк келушілеріне   арнаулы пластик контейнердегі  тағамдарды, сондай ақ,  пластик бөтелкедегі, тетро-пакеттегі суды, алкогольсіз сусындарды алып келуге рұқсат етіледі.

6.3. Аквапарк су аттракциондары мен бассейндеріндегі   тәртіп  ережелері 

1.  Су аттракциондарын пайдаланар алдында Келуші қауіпсіздік ережелерімен  және оларды пайдалану тәртібімен танысуға міндетті. Қауіпсіздік ережелері  және аттракциондарды  пайдалану тәртібі туралы қажетті ақпаратты Келушілер аталған  аттракционға  бақылау жасайтын Аквапарктің құтқару қызметінің қызметкерінен, сондай-ақ,  аттракцион аймағында орналасқан  ақпараттық таблодан  ала алады. Су аттракциондарын пайдаланған кезде  қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан Келушілердің алған  жарақаты, бүлінулері  үшін Әкімшілік  жауапты болмайды.

2. Тыйым салынады:

– Жүрек-қан тамырлары,  психоневрологиялық, омыртқа ауруларымен ауыратын, тірек-қимыл аппараты бұзылған, медициналық  немесе кері әсері бар өзге ауруларымен ауыратын  Келушілерге Аквапарк аттракциондарын пайдалануға  тыйым салынады. Жүкті әйелдерге  су сырғанағынан  сырғанауға   тыйым салынады, дәрігерден  кеңес  алған соң ғана  оларға саунаға кіруге рұқсат етіледі

– Борттардан суға секіруге және сүңгуге, су астында бірін бір ұстап тұруға, су астында демін ішіне тартуға, айғайлауға, акробатикалық қимылдар жасауға.

– Аквапарк территориясында  тез жүруге және жүгіруге.

– Суда жүзе білмейтін Келушілерге  су сырғанағында  сырғанауға және бассейндерді пайдалануға  тыйым салынады. Келушілер аталған   Ережелерді бұзған жағдайда,  олардың қауіпсіздігі үшін Әкімшілік  жауапты болмайды.

– Су сырғанағынан  етпетінен жатып, басымен алға немесе тұрып сырғанауға. Келуші сырғанақтан аяқтарын алға жіберіп, отырып немесе арқасымен жатып сырғанауды бастауға  міндетті.

– су науасының ішінде отырып, қозғалыс траекториясын қасақана өзгертуге, қайықты шайқауға,  тұтқаны ұстамай отыруға.

– белбеу,  ілгіштер,  шынжырбау және өзге  металл әшекейлері бар сырт киім, ұзын шалбар, немесе қысқа  шорты, суға түсетін костюмдер киіп келіп Аквапарктің су аттракциондарын пайдалануға, сондай-ақ,  әшекей бұйымдарды, көзәйнек және өзге сәнді әшекейлерді тағып келуге.

– Су сырғанағынан  арнаулы қайықтарсыз,  екі немесе одан артық адам бір уақытта сырғанауға. Су сырғанағы адамдардан босаған соң ғана,   және  алдыңғы Келуші  сырғанақтан суға түскен соң және мәре аймағы босатылған соң ғана Келуші төмен қарай сырғанауды бастауға болады.

– Сусыз сырғанақтан сырғанауға тыйым салынады– яғни,  барлық жағдайларда, сырғанақтарға  автоматты түрде су беруді тоқтатуға  тыйым салынады.

-Есірткілік, уланған, психотропты  масаң күйдегі, өзге де естен айыратын заттарды тұтынған тұлғаларға, сонымен қатар,  реакцияны төмендететін  медициналық  препараттарды тұтынған тұлғаларға сырғанақтан сырғанауға   тыйым салынады.

3.Сырғанақтан сырғанар алдында, Келуші тұтқадан (осыған ұқсастар болғанда) ұстауға және  сырғанауға дайындалуға, содан кейін тек құтқару қызметінің қызметкерінің рұқсатымен ғана  немесе светофордың жасыл түсі жанғанда ғана төмен қарай сырғанауды орындауға  міндетті.

4. Сырғанақтан төмен түскен соң,  жарақат алып  қалмау үшін, Келуші өзі келіп түскен  бассейннен   дереу шығып кетуге тиісті.

5. Аквапарктің құтқару қызметінің қызметкерлері Келушілерді барлық  аттракциондарға өткізу тәртібін  реттейді. Келушілер Аквапарк  құтқарушылары мен өзге қызметшілерінің Аквапарк территориясында қауіпсіздік, тәртіп және тазалықты сақтауға  қатысты кез келген өтініші немесе талаптарын орындауға  тиісті.

6. Келушілер аттракциондарды пайдаланған кезде, өз қорқынышы мен тәуекелі үшін жауапты болады

7. Аквапаркте адам бойы мен салмағына  келесі шектеулер қарастырылған:

«Race slide»  сусырғанағына шектеу: салмағы 100 кг дейін болуы, бойы 110 см биік болуы керек.

«Space bowl»  сусырғанағына шектеу:  салмағы 100 кг дейін болуы, бойы  160 см. биік болуы.

«Торнадо» сусырғанағына шектеу: салмағы 100 кг дейін болуы, бойы140 см. биік болуы керек.

«Tube slide»  сусырғанағына шектеу: салмағы 100 кг дейін болуы, бойы 110 см. биік болуы керек

8. Егер, балалар бекітілген  Ережелерді  бұзған  және жоғарыда келтірілген  шектеулерді елеп-ескермеген жағдайларда, балаларды ертіп жүрген  ересектер балалар  үшін  толық  жауапты болады

6.4. Кәмелетке толмағандардың  Аквапаркке келу ережелері

1. Кәмелетке толмаған балалар ересектер ертіп келгенде ғана Аквапаркке кіруге құқылы, ересектер олардың қауіпсіздігі үшін және Аквапарк мүлкіне келтірген залал үшіін жауапты болады. 18 жасқа толған, өз ісіне жауап бере алатын тұлға  ересектер санатына жатады. Балалар тобына  Аквапаркке кіруге келесі жағдайларда рұқсат етіледі:

–  1 ересек адам   0 – 15 дейінгі /жастағы 2 баланы  ертіп келуіне болады

2. Аквапаркке 16 жасқа дейінгі балаларға  ересектерсіз кіруге болмайды.

3. 5 жастан кіші және бойы 120 см-ден аласа  балаларға ересектердің қарауынсыз  қоршалған аймақтан шығуға  тыйым салынады.

4.  Мүгедек  адамдар аквапарк аумағына  ересек қамқоршысының сүйемелдеуімен ғана кіре алады

5. Балалар  үшін  жауапты тұлға Аквапарк территориясында балаларға  құтқару жилеттерін  кигізуге  міндетті, және Ережелердің аталған тармағын сақтауға толық  жауапты болады.

6.5. Киім бөлмесі, душ  және  дәретхананы пайдалану ережелері

1. Турникеттен өткен  соң Келуші  киім бөлмесіне өтуге, киім ауыстыруға,  заттар сақтайтын шкафқа заттарын салуға және оны шкафта орналасқан нұсқаулыққа сәйкес  жабуға тиісті

2. Электромеханикалық құлыбы бар электронды  браслет жоғалған жағдайда, Әкімшілік киім  бөлмесіндегі  шкафты  қауіпсіздік қызметінің қызметкерінің көзінше  ашып береді, бұл туралы Акт құрылады.Электронды  браслет жоғалтқаны үшін  «Ailand» ОДО  Келушісі  оның құнын  айыппұлдар Прейскурантына сәйкес мөлшерде өтейді.

3. Киім бөлмесіндегі, арнайы бөлінген орыннан өзге жерде киім ауыстыруға және шешінуге тыйым салынады.

4. Киім бөлмесіндегі  шкафтарда осы Ережелермен тыйым салынған заттар мен киімдерді сақтауға тыйым салынады.

5. Келушінің киімдері салынған, бірақ  жабылмай қалған дербес шкафы анықталған жағдайда,  Аквапарк   Әкімшілігі осы  шкафты қызметтік  электронды браслетпен жабады.

6. Аквапарктің  сулы аймағына кірер кезде және шығар кезде Келуші  душ қабылдауға тиісті. Жарақат алуды болдырмау үшін душ бөлмесінде кез келген шыны бұйымдарды (ыдыс,  шыны ыдыстағы жуу және косметикалық құралдар және т.б.) пайдалануға рұқсат етілмейді.

7. Аквапаркке  кірер кезде түрлі крем, жақпа майларды пайдалануға рұқсат етілмейді.

8. Келушілерге душ бөлмесіне кіргенде крандар мен сусепкілерді бұзуға және бұрауға; қандай бір  мүлікті алып кетуге  тыйым салынады.

6.6. Саунаға келу ережелері

1. Саунада болғанда Келушілер  жеке орамалдарын пайдалануға міндетті.

2. Саунаның пешіне су және өзге заттарды  төгуге қатаң  тыйым салынады. Саунаға  аэрозольді сұйықтықты   алып кіруге тыйым салынады.

3. Саунаны жеке бас гигиенасы мақсатында (қырыну, жеке  заттарын жуу) пайдалануға рұқсат етілмейді. Булау бөлмесі мен  саунаны орамал мен  жеке  заттарын кептіру үшін пайдалануға рұқсат етілмейді.

4. Жүрек-қан тамырлары ауруымен ауыратын тұлғаларға  дәрігерден кеңес  алған соң ғана саунаға  келуге болады

            Саунаға келу ережелері  саунаға кірер жердегі стендте көрсетілген.

6.7. Аквапарктің  қоғамдық тамақтандыру аймағына кіру ережелері

1. Қоғамдық тамақтандыру территориясында тыйым салынады:

-шылым шегуге; қоқыс шашуға, қоғамдық тамақтандыру аймағының  санитарлық жағдайын бұзуға (тамақ қалдығы, ыдысты  урнадан тыс жерге тастауға,  түкіруге, сағыз лақтыруға); столдар, орындықтар, бар тұғырларына  аяғымен  шығуға; өзгенің  мүлігін бүлдіруге, тамақ, ыдыстарды лақтыруға; қоғамдық орында жалпыға ортақ жүріс-тұрыс нормаларын бұзуға, персонал мен келушілерге тіл тигізуге, дауыс көтеруге, оларды кемсітуге және қорлауға,  персоналды өзге әңгімелермен алаңдатуға.

2. Аквапарктің тәртібіне, гигиеналық жағдайына, персоналы мен келушілеріне  қауіп төндіретін және/немесе қоғамда  рұқсат етілген  жүріс –тұрыс   ережелері мен  моральға   қайшы келетін  қылығы бар тұлғаға қызмет көрсетілмейді;

3. Аквапарк – аса қауіпті аймақ, келуші өзі тұтынған  алкогольдік сусындардың мөлшерін  қадағалауға, өзінің  физикалық жағдайын  нақты  бағалауға, су маңында алкогольдік жағдайда болудың тәуекелдік деңгейін түсінуге  және    өзі тұтынған алкогольдің мөлшері туралы  ОДО персоналдың  өзіне жасаған   ескертулерін тыңдауға міндетті.

4. Қоғамдық тамақтандыру қызметі үшін  қаржы құралдарымен (вестибюль аймағы) және электронды  браслеттегі қаржы есебінен (сулы аймақ)  төлем жасалады.

5. Келуші өз  кінәсінен ыдыстың сынғаны немесе бүлінгені үшін жауапты болады, оның құнын өтейді.

6.8. Джакузиге келу ережелері

1. СПА аймаққа  келгенде Келушілер  тоғанға түскен кезде  және одан шығарда да  тұтқадан/борттан  мықтап ұстауға тиісті.

2. Медициналық кері әсері бар тұлғаларға  СПА аймаққа  келуге тыйым салынады.

3. Келушілерге джакузиде сусындар, өзге сұйықтық   ішуге  тыйым салынады.

4. Джакузиде суға сүңгуге  тыйым салынады.

6.9. Келушілерге   медициналық  көмек көрсету тәртібі

1. Аквапарк Келушілерінің барлығы  дәрігерге дейінгі медициналық алғашқы көмек алуға құқылы.

2. Сырқаттанған  немесе жарақат алған жағдайда,   Келуші бірінші қабаттағы Аквапарктің сулы аймағында орналасқан Аквапарктің медициналық персоналына келуге міндетті.

3. Келуші өз бетімен немесе Аквапарк қызметкерлерінің  көмегімен  Аквапарктің медициналық персоналына келіп қаралуына  болады.

4. Аквапарктің медициналық персоналына келген кезде Келуші өзінің деректерін (ТАЖ, туған күні, мекенжай), сонымен қатар жарақат алған орны мен уақытын, немесе сырқатының туындау уақытын хабарлауға міндетті. Аталған ақпарат  статистикалық тіркеу мақсатында медициналық журналға жазылады.

5. Аквапарктің медициналық персоналы анықтамалар, сырқаттық қағаздар, ресми қорытындылар, үзінділер бермейді.

6. Аквапарктің медициналық персоналы дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетеді,  және қажет болғанда, жедел жәрдем шақыруға құқылы болады.

7. Келуші медициналық персоналдың кеңесінен бас тартқан, сонымен қатар дәрігерге дейінгі алғашқы көмек алудан бас тартқан жағдайда,  Келуші алғашқы көмек алудан бас тартқаны туралы қолхат жазуға міндетті, бұл жағдайда медициналық персонал жәбірленуші үшін жауапты болмайды.

6.10. Аквапарк территориясында  тыйым салынады:

1. Аквапарктің   аквааймақ  территориясына (киім бөлмесінен тыс жерде) Келушілердің  пакеттермен, сумкалармен және т.б.  келуіне тыйым салынады

2. Ашық жаралары бар және  жұқпалы, тері,  өзге де аурулармен ауыратын тұлғаларға кіруге,  сондай-ақ,   медициналық  таңғыш байлап  және  лейкопластырь  жапсырып  келген тұлғаларға Аквапаркке келуге тыйым салынады. Осы тармақта көрсетілген ережені  бұзған Аквапарк Келушілері, өзінің денсаулығы мен  өзге Келушілердің  денсаулығына залал келтіргені үшін  толық жауапты болады және тиісті материалдық   шығындарды өтейді.

3. Аквапарктің барлық  территориясында арнайы бөлінген жерден өзге,  рұқсат етілмеген жерде шылым шегуге  тыйым салынады. Келушілер Прейскурантқа сәйкес  айыппұл төлеуге міндетті.

4. Аквапаркке оқпен атылатын, газды, пневматикалық және суық қару, тескіш немесе кескіш заттар, жарылғыш,  тез тұтанғыш,  улы және  иісі өткір  заттарды  алып кіруге тыйым салынады.

5. Аквапарк территориясында Әкімшіліктің  тиісті рұқсатынсыз  сауда жұмысын, жарнамалық және  өзге коммерциялық жұмыстар  атқаруға тыйым салынады.

6. Аквапарк  террито­риясына  жануарларды, құстар мен  рептилиялар, т.б. алып кіруге тыйым салынады

7. Аквапаркке алкогольдік немесе  есірткілік және өзге масаң күйдегі  Келушілерге  келуге тыйым салынады;

8. Аквапарктің  кез-келген техникалық және қызметтік үй-жайларына кіруге және  кез-келген инженерлік -техникалық жабдықты өз бетінше  ретке келтіруіне  тыйым салынады. Аталған үй-жайларға кірген келушілер  осы аймақта болған ақаулар мен апаттар үшін толық жауапты болады. 

9. Аквапарк  террито­риясында келушілердің  ұлтына, діни сеніміне, жасына, әлеметтік мәртебесіне және өзге белгілеріне байланысты   кез келген кемсітушілік түрлеріне  және құрмет көрсетпеуге  қатаң тыйым салынады.

10. Келушілерге  балалардың арнаулы жилеттері мен жеңселерінен өзге, жеке меншік үрлемелі дөңгелектерін, өзге де арнаулы жүзу құралдарын аквапаркке алып кіруге тыйым салынады.

11. Травматизмнің алдын алу үшін  жайылған, ұзын  шаштарымен  суда жүзуге тыйым салынады.

12. Бассейндердің тереңдігі туралы нұқсауларды, сырғанақтар мен  аттракциондарды  пайдалану туралы нұсқаулықтар мен ережелерді елемей қоюға тыйым салынады (түсінбеген жағдайда –  құтқарушылардан сұрауды өтінеміз).

13. Аквапарк территориясында коммерциялық мақсатта кәсіби фото-, және бейне түсірілімдер жасауға тыйым салынады.  Аквапарк символикасының (логотип) бейнесін, фото-, және бейнематериалдарын жарнамалық, коммерциялық мақсатта аквапарк Әкімшілігінің рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады. Тек Әкімшілік қана Аквапаркте түсірілген  фотоматериалдарды жариялауға, бейнефильмдерді трансляциялауға құқылы. Бұл жалпы ережелерде жазылған.

14 Тегін берілетін сырғанау құралдардың (бір-екі орындық шеңберлер, рафтылар) сандары шектеулі, сондықтан оларды пайдаланбай өзімен бірге алып жүруге болмайды. Келушілер барлық арнаулы сырғанау құралдарды, пайдаланып болған соң,  өз  орындарына қоюға тиісті.

6.11. Ережелерді бұзғаны   үшін жауапкершілік

1. Келушінің кінәсінен Аквапарктің мүлкі жоғалған немесе бүлінген жағдайда,   ол  келтірілген залалды өтеуге, сонымен қатар  аталған заң бұзушылықтары үшін ҚР қолданыстағы  заңнамасына сәйкес  жауап беруге міндетті.

2. Әкімшілік келушілердің киімжай  мен жеке  шкафтарында қалдырып кеткен жеке заттары немесе зергерлік  әшекейлерінің сақталуы үшін  және де қараусыз қалдырған заттары үшін   жауапты болмайды

3. Алкогольдік және/немесе есірткілік масаң күйдегі, психикалық қызба мінезді Келушілерге, персоналдың ескертулеріне  мән бермейтін және осы Ережелерді    сақтамайтын Келушілерге қарсы шара қолдануға Аквапарк персоналына рұқсат етіледі.

4.Келушінің Аквапаркке келу  ережелерін     сақтамауы немесе өзге Келушінің демалысына кедерге келтіруі,  Келушіні Аквапарктен, оған ақшалай өтемақы төлемей-ақ, шығарып жіберуге негіз болып табылады.

5. Келуші билет сатып алған және  Аквапаркке келу ережелерімен танысқаны туралы қолхатқа қол қойған соң, осы  ережелерді сақтауға келісім береді және  оларды бұзғаны үшін  осы Ережелерге және  ҚР  қолданыстағы заңнамасына сәйкес толық жауапты болады..

6. Келушілердің аталған   Ережелерді  орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны салдарынан Келушілердің алған  жарақаты, бүлінулері мен залалдары үшін Әкімшілік  жауапты болмайды.

 7. Театр аумағына кіру ережелері мен талаптары

1. Театр аумағына бір адам  бір билетпен ғана кіре алады. 3 жасқа толмаған балдар үшін кіру ақысыз. Бір ересек адам қасына еріп келетін  бала саны шектеусіз.

2. Театр аумағына 0-11  жастағы балалар  ата –анасы немесе  заңды өкілі ертіп келген  жағдайда ғана келе алады.

3.Мүгедек адамдар Театрға тек қана  ересек-қамқоршының ертіп жүруімен кіре алады. Еріп жүрушінің өз билеті болуы керек.

4. Театр аумағында  тыйым салынады:

-өзімен бірге тамақ, сусын алып кіруге;

–  спиртті ішімдіктерді алып кіруге және тұтынуға;

– декорацияларға зақым келтіру;

-шулау, айқайлау, сахнаға шығу.

5. Кіру Ережелері мен  қоғамдық тәртіп бұзылған, сондай-ақ,  өзге  Келушілерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда,  әкімшілік Келушіге қызмет көрсетуден  бас тартуға  және  оны Театр аумағынан шығарып жіберуге құқылы (бұлар жалпы ережелерде де жазылған)

6. Келуші Театр мүлкін бүлдірген  және жойған жағдайда, келтірілген  материалдық залалды  толық өтеуге міндетті.

8. Төтенше  жағдайлар  кезіндегі   келушілердің   іс-қимыл тәртібі

1. Төтенше апаттық жағдайлар туындаған жағдайда – табиғи апаттар, техногендік сипаттағы ірі апаттар, өрт, және басқалары кезінде Келушілер үрейге берілмеуге тиісті.

2. Келушілер  қызметші  персоналдың  командасын  нақты орындауға міндетті.

3. Персонал  команда берген соң, немесе хабар тарату жүйесімен дабыл берілген соң, келушілер аттракциондар мен бассейндер, киім ілетін бөлмелер, барлар, ресторандар, сантораптарды, өзге үй-жайларды тастап шығуға және ашық территорияларға шығуға,  апаттық шығу жолдарын, өрт сатылары мен  өтпе жолдарды пайдалана отырып Аквапарктен шығып кетуге тиісті.

4. Эвакуация  схемалары  Аквапарк территориясында орналасқан.

5. Аквапарктен шығар кезде, келушілер сабырлық сақтауға,  билеттерін сақтауға,  жүгірмеуге, өтпе жолдар  мен баспалдақ марштарында нөпір жасамауға, тұтқалардан ұстауға, қоршаулардан аттап өтпеуге және оларды басып тұрмауға,  қозғалыс кезінде Аквапарк территориясының   биік жерінде орналасқан орындардан алыста болуға тиісті.

6. Ересек Келушілер балалардың  қауіпсіз эвакуациясын қамтамасыз етуге тиісті.

0
    0
    Корзина
    Ваша корзина пустаБилет сатып алу
    Открыть чат
    1
    Нужна помощь?
    Scan the code
    Привет 👋
    Чем я могу вам помочь?