Орталықтың 7

бағыты

21

жыл жұмыс

300+

қызметкер

Орталықтың ауданы

29 302 м2

Жылына 1,5 млн

келуші

Отбасымен немесе достарымен демалуға тамаша орын. Қала тұрғындары мен туристердің назарын қаладағы бірегей нысандар немесе ең үздік сәулеттік нысандар тартады.

Қазақстандағы тұңғыш, әрі мұхиттан 3000 километрден астам алыста орналасқан әлемдегі жалғыз жасанды мұхит. Мұхитаралдың сыйымдылығы- 3 миллион литр су, мұнда әлемнің 100-ден астам теңіз фаунасы өкілдерінен тұратын 3000-дай теңіз мекендеушілері тіршілік етеді. Оңтүстік Америка мен Оңтүстік Шығыс Азия, жағалау аймақтары, тұңғиық су мен кораллды риф тұщы су мекендеушілері мекендейді. Мұхитарал көлемі әр түрлі 20 аквариумы бар үш үлкен көрме аймағынан тұрады. Мұхитаралдың басты көзайымы - түбі жылжымалы жолмен жабдықталған 70 метрлік жер асты жолы бар, қалыңдығы 7 см акрил шынысынан жасалған үлкен аквариум.

Аквариумдардың әр түрлі пішінді болғандықтан, табиғи ортаға өте ұқсас ортадағы балықтардың тіршілігін бақылауға, жыртқыш балықтарға азық беру сәтін көруге болады. Жасанды мұхиттың тіршілігі суды даярлау, қалыпты жағдайды ұстау, тазарту үшін қажетті қайталанбас жүйе арқылы жүзеге асырылады. Қызыл теңіз тұзының көмегімен дайындалған су жабық айналым жүйесінде үнемі тазартылып отырылады да төгіп ауыстыруды қажет етпейді.

Астана қаласындағы бірегей жабық аквапарк 1500 адамға арналған, ауданы 8500 шаршы метр. Оның аумағы екі қабатты да қамтиды, мұнда жоғары сапа стандарттарына сәйкес отбасымен демалуға жайлы жағдай жасалған, сонымен қатар, ыңғайлы лифттермен және мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған пандустармен жабдықталған. Аквапаркте «Жылы едендер» және климат- бақылау жүйелері орнатылған. Бассейндегі су температурасы 30-32 градус шамасында. Екі қабатта да ерлер және әйелдердің киім ілетін бөлмелері, орыс моншасы бар. Бұдан өзге, екінші қабатта түрік хамамы, фин саунасы мен инфрақызыл сауна, массаж кабинеті және алкогольсіз, алкогольді сусындарды тұтынуға мүмкіндік беретін дымқыл фуд-корт орналасқан.

Бірінші қабатта аквапарктің бойымен «баяу» өзен ағып жатыр, суда жүзгенде жаныңыз тыныштық пен жайлылыққа бөленеді. Екі бассейн бар, оның бірі - толқынды бассейн балаларға ғана емес ересектерге де көңіл көтеруге мүмкіндік береді.

Аквапаркке  кірер  алдында сіз «Ережелер  қолхатын» жүктеп алып, толтыруыңыз керек

Скачать расписку

Бұл- Джунглидің жұмбақ әлемімен таныстыратын Қазақстандағы ауқымды жобалардың бірі. Голливуд фантастарының жоғалған әлемдер туралы қиялы «Ailand» ОСО ғимаратында қолжетімді болды. Джунглидің жұмбақ әлемі алғашқы минуттан-ақ өзіне еліктіріп әкетеді және таңқалдырады. Сіз жұмбақ мекендеушілер тіршілік еткен жұмбақ әлемнің қойнауына қызықты, тартымды, танымдық саяхат жасайсыз, өткен ғасырлар жайлы қиялдарға жетелейтін тарихпен танысасыз. Динозаврлар, трицерапторлар, тираннозаврлар, ежелгі тайпалар, бұл - орта ішкі толқыныс пен шытырманға толы орта. Бұл ортаға енген соң күнделікті өмірді ұмытасыз және айналаңызда көргеніңіз шындық па деп ойлайсыз. Аниматроникстер театры балаларды ғана емес, ересектерді де таң қалдырады. Мұнда бір келсеңіз, осы қызықты саяхатты тағы да қайталағыңыз келеді! Қызықты факт! Барлық аниматроникстер Қазақстанда жасалған.

Қазақстандағы ең үлкен шеңбер Астана қаласының көрікті орындарының біріне айналды. Адамға құс қалықтар биіктен жерді көру ежелден қызықты болған. Көп адамдар ел астанасын биіктен көруді армандайды, өйткені, Астана – таңқаларлық жылдам қарқынмен дамыған, заманауи, әсем, ізгі ниетті қала. Биіктен қарағандағы қала көрінісі көзді тартады, жаңа әсерге бөлейді, шабыттандырады.

Шеңбердің биіктігі - 65 метр, салмағы - 270 тонна. Аттракцион қаланың панорамалық көрінісін тамашалауға арналған 36 кабинамен жабдықталған, олардың төртеуі – жоғары сапалы жайлы кабина. «Стандарт» кабинкасының сыйымдылығы -алты адамдық, «Жайлы» кабинканың сыйымдылығы- төрт адамдық.

Айланд орталығындағы Экзотариум экзотикалық жануарлар түрлері бар Астанадағы ең ірі хайуанаттар бағы болып табылады. Мұнда сіз сирек кездесетін альбинос корольдік питонды, әлемдегі ең кішкентай маймылды, қызылқолды тамаринді кездестіре аласыз, Мадагаскар тарақандарымен немесе экзотариумның басқа қызықты тұрғындарымен суретке түсе аласыз

«Aiduman» балалар театры

«Aiduman» балалар театры – ертегі кейіпкерлері өмірге келіп, балаларға арналған көңілді бағдарламалар өткізілетін сиқырлы орын. Aiduman балалар театры – бұл сабын көпіршігі шоулары, ойындар, байқаулар, ұзын бойлы қуыршақтар, жаңа жылдық қойылымдар, Хэллоуин, туған күндер.

Жазғы Аттракциондар Паркі

Жазғы Аттракциондар Паркі Қазақстандағы ең биік Шолу шеңберінің жанында орналасқан. Карусельдер 3 жастан асқан балалар мен ересектерге арналған. Мұнда Астанадағы бірегей суаттракционы бар. Әр жазда саябақта «Жазғы фестиваль» өтеді, онда балалар үшін көңілді бағдарламалар тегін, ал кешке ересектер үшін музыкалық концерттер өтеді. Карусельдердің жанында тұманды субұрқақтары бар әдемі жасыл саябақ, балалар ойын алаңдары, street food және ойыншықтар дүкені бар

0
    0
    Корзина
    Ваша корзина пустаБилет сатып алу
    Открыть чат
    1
    Нужна помощь?
    Scan the code
    Привет 👋
    Чем я могу вам помочь?