Нұсқаулық

Артықшылығы  қандай?

Билеттерді алдын ала сатып алу арқылы сіз достарыңызбен бірге  Мұхитаралға, Джунглиге және  Шолу шеңберіне саяхат жасайтыныңызға сенімді боласыз!

Интернет арқылы  билетті қалай сатып алуға болады?

  1. Қажетті  іс-шараны таңдаңыз
  2. Ұялы телефон нөмірін және электрондық поштаны енгізіңіз.
  3. Кез келген банк картасымен (Visa, Visa Electron, Mastercard, Maestro, American Express) немесе төменде келтірілген өзге де  төлем әдістерімен төлеңіз.
  4. Күте тұрыңыз, электрондық поштаңызға QR коды бар билет жіберіледі.
  5. Ailand-қа келгенде басып шығарылған билетті көрсетіңіз немесе мобильді құрылғының(телефон, планшет) экранынан билеттің QR кодын көрсетіңіз.

Кассир біздің орынымызды басқа біреуге сатып жібермей ме?

Жоқ. Жүйе Ailand кассаларымен толық синхрондалған, екі рет сату мүмкін емес.

Қалай төлеуге болады?

Қазіргі уақытта келесі төлем әдістері қол жетімді: Visa, MasterCard, Maestro, American Express халықаралық төлем жүйелерінің карталары;

Ailand-та  іс-шаралар жабылса, тоқтатылса немесе ауыстырылса не істеуім керек?

Іс-шараларды  жабу, тоқтату немесе ауыстыру оқиғалары өте сирек болады. «Айланд» жүйесі сессияның тоқтатылуын немесе ауысуын автоматты түрде анықтап, сатып алушыларға хабарлама жібереді.

Маңызды! Сайтта сатып алынған билеттер күнтізбе бойынша қай күнге таңдап сатып алсаңыз сол   күнге  ғана жарамды болады.

Неліктен карта төлемдері орындалмайды?

1. Егер, төлем кезінде «Эмитент банк клиентке рұқсат бермеген. Банкіңізге қоңырау шалыңыз» деген қателік көрсетілсе, онда төлем жасау үшін сізге Интернетте төлем жасауға мүмкіндік беретін опцияны қосу керек, сондай-ақ картада көрсетілмесе, CVV2 / CVC2 кодын алу керек. Ол үшін картаны алған банк қызметкерлеріне хабарласу қажет.

2. «Код: 19, Хабар: Авторизация қатесі» қатесін алсаңыз, сіз онлайн төлемдерге қажетті 3D-Secure құпия сөзін орнатпаған боларсыз. Мұндай құпия сөзді қалай орнату керектігін банкіңізден біліңіз.

Сұрақтарыңыз бар ма?

Қолдау: info@ailand.kz
Қала: +7 (7172) 57-55-55
Ұялы телефон: +7 (705) 250-11-11

0
    0
    Корзина
    Ваша корзина пустаКупить билет