Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

«СӘНДІК ЖӘНЕ ТАУАРЛЫҚ АКВАМӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУДЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ МЕН БОЛАШАҒЫ»

2024 жылғы 14-15 қараша

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

«Ailand Astana» ЖШС океанариумы Сізге үлкен құрмет білдіреді және «СӘНДІК ЖӘНЕ ТАУАРЛЫҚ АКВАМӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУДЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ» тақырыбына аквариум және балық өсіру мәселелері бойынша халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады. Конференцияға аквариумистика, балық өсіру және теңіз биологиясы саласындағы ғалымдар мен мамандар, тұщы суда және теңіз суларында сәндік және тауарлық гидробионттарды өсіруге арналған өнімдерді жеткізушілер мен өндірушілер қатысады. Конференция 2024 жылғы 14-15 қарашада Қазақстан Республикасы, Астана қаласында өтеді. Конференцияның ресми тілдері – қазақ, орыс, ағылшын (ілеспе аударма). Конференция аралас офлайн/онлайн форматында өтеді. Конференцияға қатысу тегін. Қонақтар жол ақысы мен тұру ақысын өздері төлейді..

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ МАҚСАТЫ

Конференция аясында Астанадағы океанариум гидробионттарды өсірудің көп жылдық тәжірибесін ұсынып, жетістіктерімен және жаңа жобаларымен бөлісуді жоспарлап отыр. Конференцияның басты назары аквариумистика және аквамәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Біз Сіздерді тәжірибе алмасуға шақырамыз!

Біздің міндетіміз- гидробионттарды өсіру, теңіз биологиясы, гидрохимия технологиялары саласындағы ғылыми және практикалық мәселелерді шешу үшін океанариумдар мен гидробионттарды өсіретін кәсіпорындардың және тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін (ТҚЖ) өндірушілер, өнімдер мен гидробионттарды жеткізушілердің арасында тығыз байланыс орнату. Конференцияның мақсаттарына білім беру, экологиялық білім беру, мәдени және табиғатты қорғау шаралары аясындағы мәселелерді талқылау да кіреді.

Конференция бағдарламасына баяндамалар, талқылаулар және келесі бағыттар бойынша стенд материалдарын ұсыну кіреді:
Сәндік және тауарлық гидробионттарды күтіп-баптау, өсіру және тасымалдау
Гидробионттар этологиясы (мінез-құлқы), су организмдерінің ихтиологиясы мен физиологиясы мәселелері.
Су жануарларының ихтиопатологиясы және ветеринариясы
Тұщы және теңіз суларында өсімдіктерді күтіп-баптау және өсіру
Теңіз жануарларының репродуктивті биологиясы, балықтар мен омыртқасыздар өсіру мәселелері
Гидробионттарға жасанды ортада азық беру мәселелері
Жасанды және тірі азықтарды пайдалану және өндіру/өсіру мәселелері
Гидрохимия және сутазарту саласындағы өзекті мәселелер, техникалық шешімдер
Тірі ағзаларды өсірудің заманауи технологиялары мен инженерлік жүйелері
Аквариум дизайны және аквариумдарды күтіп ұстау мәселелері, су астында гидробионттармен жұмыс істеу тәжірибесі.
Білімберу мен ғылыми зерттеудегі аквамәдениет және аквариумистика технологиялары

Конференцияға қатысу үшін бізге 2024 жылғы 30 шілдеге дейін электронды поштаға conference@ailand.kz сауалнама жіберу немесе Link сілтемеге тіркелу арқылы хабарлаңыз.

Қатысушылар
Селезнева Любовь Васильевна
Советник Директора, г.Астана, Казахстан
Косумов Алибек Кабдахамитович
BSc, MBS, PH PhD, Заместитель директора океанариума по науке, г.Астана, Казахстан
Мынбаев Данияр Жандосович
Начальник отдела океанариума, г.Астана, Казахстан
Успенский Антон Александрович
Заместител начальника отдела океанариума, г.Астана, Казахстан
Заполните анкету участника конференции
Заполнить
0
    0
    Корзина
    Ваша корзина пустаБилет сатып алу
    Открыть чат
    1
    Нужна помощь?
    Scan the code
    Привет 👋
    Чем я могу вам помочь?