Келісім

Қоғамдық келісімшарт (оферта).

«Айланд Астана» ЖШС бұдан әрі «Оператор» деп аталатын, бұдан әрі «Сатып алушы» деп аталатын  кез келген жеке немесе заңды тұлғаға Интернет желісінде ақылы қызметтерді (бұдан әрі - Қызметтер) ұсынады.
Бұл ұсыныс Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 395-бабына сәйкес талаптары толық және сөзсіз қабылдау (акцепті) болып табылатын жария оферта (бұдан әрі – Шарт) болып табылады - Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 396-бабына сәйкес Сатып алушы  Оператордың веб-сайтында орналасқан «Шарттың талаптарымен келісемін» түймесін басу арқылы жанама әрекеттерді орындауды  жүзеге асырады.

1. ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
Жүйе- билеттерді сатудың автоматтандырылған жүйесі, бұл жүйеге Іс-шараларға билеттерді сатуға арналған, сондай ақ:   сатылған Билеттердің дерекқорларын құруға арналған Жүйенің ақпараттық ресурстарымен жұмыс істеуге арналған мамандандырылған аппараттық-бағдарламалық кешен кіретін, оның ішінде, web-порталдан тұратын www.ailand.kz, серіктес-веб-порталдарда орнатылған виджеттер, автоматтандырылған кассаларда орнатылған  билет сатуды автоматтандыру жүйелері   кіреді. 
Сайт – Оператордың веб-порталы - www.ailand.kz 
Автоматтандырылған кассалар – Жүйеге қосылған Оператордың, Оператор контрагенттерінің автоматтандырылған кассалары.
Іс-шара – ойын-сауық іс-шарасы, оның ішінде: театрландырылған қойылым, кинотеатрдағы киношоу, цирк қойылымы, залда және клубта, ашық алаңда өтетін концерт, спорттық жарыс, кез келген басқа іс-шаралар.
Ойын-сауық мекемесі (Мекеме) – Жүйені пайдалана отырып, өзінің  Іс-шараларына Билеттер шығаруға уәкілеттік берген және Билеттерді сатуға уәкілеттік берген және  Іс-шараны өткізетін заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер.
Билет – Сатып алушыға Жүйені пайдалана отырып сатылған, Ойын-сауық мекемесі мен Сатып алушы арасындағы шарттың жасалғанын куәландыратын, Клиентке Іс-шараға қатысу құқығын беретін қатаң есеп беру құжаты.
Билет сатып алушы (Сатып алушы) – өз атына тапсырыс берілген жеке тұлға.
Билет иесі – Іс-шараға  Билетті  сатуға ұсынатын жеке тұлға.
Билет коды – Ойын-сауық іс-шарасына  кіруге  рұқсат  беруге арналған және ойын-сауық мекемесіне берілуге тиісті Билетті сатып алу кезінде Сатып алушыға жіберілетін бірегей цифрлық код. 
Сервистік алым – Жүйені пайдалана отырып Билет сатып алу кезінде көрсетілетін қызмет үшін Жүйе операторы Сатып алушыдан алатын  ақша. Әрбір Билет үшін қызмет ақысының мөлшерін Оператор жеке анықтайды. Тапсырыс берген кезде және Сатып алушы тапсырысты төлегенге дейін Қызмет көрсету ақысының сомасы тапсырыс парағында көрсетіледі.
Ұйымдастырушы – Іс-шараларды ұйымдастыратын               және осы  Іс-шараларға билеттерді сатып  беру   мақсатында  Операторға билеттерді  беретін заңды  тұлға немесе жеке тұлға.
Бонус – www.ailand.kz сайтында билет сатып алу кезінде  төлем жасағанда пайдалануға болатын осы ережелерге сәйкес, Оператордың қатысушыға беретін жеңілдік нысаны.
Сыйлық бонусы – маркетингтік акциялардың бөлігі ретінде Оператордың қалауы бойынша берілетін жанғыш бонустық бағдарлама ұпайы. Сыйлық бонустарының әрекет ету мерзімін Оператор анықтайды.
Бонус шоты – Бағдарламаға Қатысушы, есептелген/есептен шығарылған/жатқан Бонустар саны және ағымдағы қалдық туралы Оператор бағдарламасының дерекқорындағы есепке алу және ақпараттық деректер жиынтығы.
Жеке кабинет (ЖК) – www.ailand.kz сайтындағы Бағдарламаға қатысушының жеке парағы. Жеке кабинетте Бағдарламаға қатысушы тапсырыстардың/сатып алулардың тарихын және Бонус шотын көре алады. Қатысушыны сайтта тіркеу автоматты түрде Сатып алушының жеке деректерін пайдалануға және сақтауға келісімін білдіреді.

2. КЕЛІСІМНІҢ МӘНІ
2.1 Оператор Сатып алушыға Интернет арқылы Ойын-сауық іс-шараларына билеттерді сатып алу мүмкіндігін береді.

3. ОПЕРАТОРДЫҢ ҚҰҚЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
3.1. Оператор сервистік алымның құны нақты көрсетілген жағдайда билетті онлайн сатып алу қызметін пайдалану үшін қосымша Сервистік алым белгілеуге құқылы. Егер, Іс-шараны ұйымдастырушылар өзгеше  талапты қарастырмаса,  Сервистік алым шетелдік әртістердің қатысуымен өтетін  іс-шараларға  белгіленеді.
3.2. Клиент сатып алған билетті қайтару. Сатып алушы бұрын сатып алынған Билетті қайтаруды талап еткенде, Оператор Оқиғаның турникетінде Билет белсендіру процедурасынан өткен болса, Сатып алушыдан бас тартуға құқылы. Егер билет турникет арқылы іске қосылған болса, қайтару сұрауда көрсетілген ақшаны қайтару себептері маңызды деп есептелсе, «Айленд» АҚҰ басшылығының қалауы бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
3.2.1. Оператор тарапынан техникалық ақаулар туындағанда ғана сатып алынған билеттерді айырбаста талады және қайтарылады. Өзге жағдайларда билет қайтарылмайды және айырбасталмайды. Карточка шотына билет құнын аудару арқылы қайтару  10%  ұстап қалған жағдайда ғана мүмкін болады.
3.3. Билет құнын қайтару тек түбіртек пен билеттің өзі болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Өтінішке осы құжаттардың көшірмелері қоса берілуі тиіс.
3.3.1. Билет құнын қайтару келушiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша қайтару себептерiн мiндеттi түрде көрсете отырып және келушiнiң жеке куәлiгiнiң көшiрмесiн қоса бере отырып жүзеге асырылуы мүмкiн.
3.4. Іс-шара өтпейтін болса, ауыстырылса немесе кейінге қалдырылса,  және Оператор Ұйымдастырушыдан Іс-шараны өткізбеу, ауыстыру немесе кейінге қалдыру туралы ресми хат алса ғана,  Оператор Билетті қабылдайды және ақшаны қайтарады.  Сату орындарында, Агенттің веб-сайтында және (немесе) Ұйымдастырушының ресми хатында көрсетілген кассадан сатып алынған Билеттер ғана қайтарып беру үшін қабылданады. Билеттің номиналды құнын қайтару Ұйымдастырушының және/немесе Сенім білдірушінің ресми хатында белгіленген мерзімде жүзеге асырылады. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін Билеттің номиналды құнын Ұйымдастырушы дербес қайтарады.
3.5. Аншлагпен өтетін (билеттер түгел сатылған)  іс-шараға билетті қайтару үшін Оператор Ұйымдастырушыға жазбаша сұрау жібереді, ал егер жауап теріс болса, ақшаны қайтарудан бас тартуға құқылы.
3.6. Сатып алушы электрондық билетті қайтарған жағдайда, Оператор Сатып алушыға ақшаны қайтарған кезде Сервистік алымды ұстап қалуға құқылы.
3.7. Іс-шаралардың кез келген санаты үшін сатып алынған Билетті қайтару кезінде ұсталатын Сервистік алым Билеттің номиналды құнының 10%-ын немесе ұстау сомасы 250 теңгеден аз болса, 250 теңгені құрайды.
3.7.2 Іс-шаралардың  кез келген санаты үшін сатып алынған Билетті Клиенттің банк картасына қайтарған кезде ақшаны қайтару 14 (он төрт) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Іс-шараға Сервистік алым қолданыста болған жағдайда, Билетті қайтару кезінде Сервистік алымның сомасы ұсталады.
3.8. Айландтың ресми кассаларында қайтарылған жағдайда, Сервистік алымды ұстаудың ұқсас ережелері қолданылады.
3.9. «Ailand»  ресми кассаларында қолма-қол ақшасыз қайтарылған жағдайда, Сервистік алымды ұстаудың ұқсас ережелері қолданылады.
3.10. Егер Билетті қайтаратын Сатып алушы Оператордың бонустық бағдарламасының Қатысушысы болса, Бонус бағдарламасының ережелерінде көрсетілген қайтару шарттары қолданылады.
3.11. Оператор, билеттері Оператор жүйесі арқылы сатылатын Іс-шаралардың  сапасы мен шарттарына жауапты болмайды.  Егер, Билеттері Оператор жүйесі арқылы сатылатын Іс-шаралар  өтпей қалған жағдайда   немесе Іс-шаралардың сапасы нашар болған жағдайда,  Тұтынушының жасаған барлық шағымдары Ұйымдастырушының қарауы, шешім қабылдауы үшін  үшін жеке өзіне беріледі. Жоғарыда аталған фактілердің салдарынан Клиенттерге келтірілген залалдар тек Іс-шараны өткізуге жауапты Ұйымдастырушының  ғана есебінен  өтеледі.
3.12. Оператор Сатып алушының электрондық мекенжайы мен ұялы телефонына ақпараттық және жарнамалық сипаттағы электрондық хаттар мен SMS хабарламаларды жіберуге құқылы. Оператор Пайдаланушы туралы ақпаратты үшінші тұлғаларға бермеуге міндеттенеді.
3.13. Оператор өз қалауы бойынша Іс-шараға көрсетілген байланыс деректерін  (электрондық пошта мекенжайы мен телефон нөмірі) пайдалана отырып, Сатып алушының сатып алуы мүмкін билеттер санына  лимит  қоюға  құқылы. 
Билет санына қойылатын нақты  лимит деңгейін оператор Оператордың веб-сайтындағы нақты өтетін Іс-шараның парағында  тікелей көрсетеді. 
Пайдаланушы Оператормен алдын ала жазбаша келісім бойынша белгіленген лимиттен асатын бірқатар билеттерді сатып алуға құқылы. 
Бұл жағдайда, Оператор белгіленген лимиттен артық  билеттерді сатып алғысы келген Пайдаланушыға, себебін түсіндірместен, лимиттен  асып кеткен  билеттерді сатып алуына рұқсат бермеуге құқылы.
3.14. ҚР  Ұлттық экономика министрінің 25 қараша 2015 жылғы № 720 Бұйрығымен бекітілген «Электрондық сауданы жүзеге асыру қағидаларының» 18-тармағына сәйкес,  Іс-шараны ұйымдастырушы мен Сатып алушы арасында делдал ретінде әрекет ететін Оператор,  олардың электрондық құжаттарды (электрондық хабарламаларды) пайдалана отырып, өзара көрсеткен қызметтеріне қатысты жасаған  қызмет көрсету шарттары бойынша жауапты болмайды. 
3.15. Оператор кез келген уақытта осы Шарттың талаптарын  біржақты тәртіппен өзгертуге, бұл ретте  шарттың өзгертілген талаптарын Сайтта жариялауды қамтамасыз ете отырып,  құқылы.

4. САТЫП АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
4.1. Сатып алушы өзінің Билет кодының сақталуына жалғыз жауапты.
4.1.1 Билет сатып алу кезінде Сатып алушы электрондық билетті басып шығаруы керек.
4.2. Сатып алушы өзі билет сатып алатын мекеменің ішкі тәртіп  ережелерімен (этикет ерекшеліктері, дресс-код, келу ережелері және т.б.) өз бетінше танысуға міндетті.
4.3.1 Билет сатып алу кезінде Сатып алушы электрондық билетті басып шығаруы керек.
4.4. «Балалар» немесе «Жастар» тарифтері бойынша билеттерді сатып алу кезінде Сатып алушыда ойын-сауық мекемесінде электронды билетті көрсету кезінде тиісті мекемелерден (мектептен анықтама немесе студенттік билет)  алынған   растайтын құжаттар  болуы керек. Тиісті құжаттар болмаған жағдайда Оператор  Сатып алушы сатып алған Билеттерден жоюға немесе Сервистік алымы  шегерілген тиісті сомаларды Сатып алушыға қайтарып беруге немесе Сатып алушыға соманы Жүйедегі келесі сатып алулар үшін төлеуге пайдалануды ұсынуға құқылы. Билеттерді  қайтару процесі осы келісімнің 3.3-тармағында көрсетілген.
4.4.1 «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заң:
36-бап. Баланы әлеуметтік ортаның жағымсыз әсерінен қорғау. 
4-тармақ. Баланың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта (сағат 22.00-ден таңғы 6-ға дейін) ойын-сауық мекемелерінде болуына және оларға кіруіне тыйым салынады.
5-тармақ. Баланың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 23.00-ден таңғы 6-ға дейін үйден тыс жерде болуына тыйым салынады. Қазақстан Республикасының заңнамасында «баланың болуына, сондай-ақ оны түнгі уақытта (таңғы 22-ден таңғы 6-ға дейін) ойын-сауық мекемелеріне заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жіберуге» тыйым салынады.
Осы Заңға сәйкес Оператор сағат 22:00-ден кеш аяқталатын іс-шараларға, сондай-ақ жас шектеулері бар іс-шараларға «Балалар» тарифтері бойынша билеттерді сатпайды.
Егер,  клиент балаға арналған іс-шаралардың осы санаттары үшін «Ересектер» тарифі бойынша билеттерді сатып алса, Іс-шараны ұйымдастырушы баланы іс-шараға жібермеуге құқылы. Осындай  жағдай туындайтын болса, Оператор Сатып алушы сатып алған Билеттерден бас тартпайды. Сондай-ақ  осындай  билеттер үшін жұмсалған  қаржы қайтарылмайды.
4.5. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес,  «балаларға   түнгі уақытта (түнгі  сағат  22.00-ден таңғы 06.00-ге  дейін) ойын-сауық мекемелерінде болуына,   сондай-ақ: балалардың  ата-анасы немесе заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз  кешкі іс-шараларға баруына тыйым салынады». Жасында шектеуі бар балалармен  іс-шараларға барған кезде компания  әкімшілігі баладан туу туралы куәлікті көрсетуді талап ете алады және баланың  түпнұсқа құжаттары болмаған жағдайда  кіргізуден бас тарта   алады. 

5. ФОРС-МАЖОР
5.1. Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін еңсерілмейтін күш жағдайлары кезінде жауапкершіліктен босатылады. Форс-мажор ТАРАПТАРҒА осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауға кедергі келтіретін төтенше және еңсерілмес күш жағдайларын  білдіреді. Еңсерілмес күш жағдайларына келесілер: төтенше апатты табиғат құбылыстары; ядролық жарылыстың, радиацияның (иондаушы сәулеленудің) немесе ядролық қару материалдарының, өндірістік және ғылыми-зерттеу қызметінің немесе радиоактивті қалдықтардың радиоактивті ластануының әсерінен болатын төтенше жағдайлар;  соғыс, әскери басып кіру, сыртқы жаудың жаулық әрекеттері, соғыс қимылдары, әскери маневрлер және соған байланысты әскери сипаттағы іс-әрекеттер; азаматтық соғыс, қарулы көтеріліс, барлық түрдегі халық толқулары, жаппай тәртіпсіздіктер, билікті күштеп басып алу немесе күштеп ұстап тұру;            эпидемиялар, эпизоотиялар, ауа райы жағдайлары, лаңкестік әрекеттер, ереуілдер, басып алулар, тәркілеу, реквизициялар, ұлттандыру және т.б. жатады. Жоғарыда көрсетілген Еңсерілмес күш жағдайлары  туындаған жағдайда бірінші  тарап екінші тарапты осындай жағдайлардың басталғаны туралы мүмкіндігінше тезірек хабардар етуге міндетті. Бұл ретте жалпыға белгілі оқиғалар растауды талап етпейді, басқа оқиғаларға қатысты тиісті растаушы құжаттарды қоса беру қажет, олар құзыретті мемлекеттік органдардан шығатын құжаттарды қамтуы мүмкін, бірақ олармен шектелмейді.

6. ШАҒЫМ-АРЫЗДАР МЕН ДАУЛАРДЫ ҚАРАУ ТӘРТІБІ
6.1. Осы шарт талаптарын орындау барысында туындаған барлық келіспеушіліктер немесе дауларды, мүмкін болса, тараптар келіссөздер арқылы реттейтін болады.
6.2. Сотқа дейінгі реттеу кезінде,  қандай бір себептермен келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, осы Шарттан туындайтын дау (егер Сатып алушы                     заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер болса)  Алматы қаласының Төрелік сотында     қаралуға   тиісті  немесе  (егер Сатып алушы жеке тұлға болса) Оператордың  орналасқан жеріндегі жалпы  юрисдикция сотында қаралуға  тиіс.
6.3. Сатып алушының көрсетілген Қызметтерге қатысты талаптарын Оператор тек жазбаша түрде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен қабылдайды және қарайды.
6.4. Сатып алушының Жүйені пайдалану кезіндегі оның заңсыз әрекеттері нәтижесінде  жасаған кінәсін анықтаудағы техникалық мәселелерді шешу үшін Оператор құзыретті ұйымдарды сарапшы ретінде дербес тартуға құқылы. Сатып алушының кінәсі анықталса, онда Сатп алушы сараптамаға кеткен шығындарды өтеуге  міндетті.

7. ОПЕРАТОР   ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ:
«Айланд Астана»  ЖШС
Мекенжай: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Нұра ауданы,
Қорғалжын тас жолы, 2
БСН 090540010467
ЖСК: KZ3884905KZ000937729
«Нұрбанк» АҚ 
BIC NURSKZKX
Қолдау қызметі:
Қолдау: info@ailand.kz
Қала: +7 7172 57-55-55
Ұялы телефон: +7 (778) 376-16- 83

0
    0
    Корзина
    Ваша корзина пустаБилет сатып алу
    Открыть чат
    1
    Нужна помощь?
    Scan the code
    Привет 👋
    Чем я могу вам помочь?