Орталықтың 7
бағыты
21
жыл жұмыс
300+
қызметкер
Орталықтың ауданы
29 302 м2
Жылына 1,5 млн
келуші
Отбасымен немесе достарымен демалуға тамаша орын. Қала тұрғындары мен туристердің назарын қаладағы бірегей нысандар немесе ең үздік сәулеттік нысандар тартады.
Қазақстандағы тұңғыш, әрі мұхиттан 3000 километрден астам алыста орналасқан әлемдегі жалғыз жасанды мұхит. Мұхитаралдың сыйымдылығы- 3 миллион литр су, мұнда әлемнің 100-ден астам теңіз фаунасы өкілдерінен тұратын 3000-дай теңіз мекендеушілері тіршілік етеді. Оңтүстік Америка мен Оңтүстік Шығыс Азия, жағалау аймақтары, тұңғиық су мен кораллды риф тұщы су мекендеушілері мекендейді. Мұхитарал көлемі әр түрлі 20 аквариумы бар үш үлкен көрме аймағынан тұрады. Мұхитаралдың басты көзайымы - түбі жылжымалы жолмен жабдықталған 70 метрлік жер асты жолы бар, қалыңдығы 7 см акрил шынысынан жасалған үлкен аквариум.
Аквариумдардың әр түрлі пішінді болғандықтан, табиғи ортаға өте ұқсас ортадағы балықтардың тіршілігін бақылауға, жыртқыш балықтарға азық беру сәтін көруге болады. Жасанды мұхиттың тіршілігі суды даярлау, қалыпты жағдайды ұстау, тазарту үшін қажетті қайталанбас жүйе арқылы жүзеге асырылады. Қызыл теңіз тұзының көмегімен дайындалған су жабық айналым жүйесінде үнемі тазартылып отырылады да төгіп ауыстыруды қажет етпейді.
Бұл- Джунглидің жұмбақ әлемімен таныстыратын Қазақстандағы ауқымды жобалардың бірі. Голливуд фантастарының жоғалған әлемдер туралы қиялы «Ailand» ОСО ғимаратында қолжетімді болды. Джунглидің жұмбақ әлемі алғашқы минуттан-ақ өзіне еліктіріп әкетеді және таңқалдырады. Сіз жұмбақ мекендеушілер тіршілік еткен жұмбақ әлемнің қойнауына қызықты, тартымды, танымдық саяхат жасайсыз, өткен ғасырлар жайлы қиялдарға жетелейтін тарихпен танысасыз. Динозаврлар, трицерапторлар, тираннозаврлар, ежелгі тайпалар, бұл - орта ішкі толқыныс пен шытырманға толы орта. Бұл ортаға енген соң күнделікті өмірді ұмытасыз және айналаңызда көргеніңіз шындық па деп ойлайсыз. Аниматроникстер театры балаларды ғана емес, ересектерді де таң қалдырады. Мұнда бір келсеңіз, осы қызықты саяхатты тағы да қайталағыңыз келеді! Қызықты факт! Барлық аниматроникстер Қазақстанда жасалған.
Қазақстандағы ең үлкен шеңбер Астана қаласының көрікті орындарының біріне айналды. Адамға құс қалықтар биіктен жерді көру ежелден қызықты болған. Көп адамдар ел астанасын биіктен көруді армандайды, өйткені, Астана – таңқаларлық жылдам қарқынмен дамыған, заманауи, әсем, ізгі ниетті қала. Биіктен қарағандағы қала көрінісі көзді тартады, жаңа әсерге бөлейді, шабыттандырады.
Шеңбердің биіктігі - 65 метр, салмағы - 270 тонна. Аттракцион қаланың панорамалық көрінісін тамашалауға арналған 36 кабинамен жабдықталған, олардың төртеуі – жоғары сапалы жайлы кабина. «Стандарт» кабинкасының сыйымдылығы -алты адамдық, «Жайлы» кабинканың сыйымдылығы- төрт адамдық.
Айланд орталығындағы Экзотариум экзотикалық жануарлар түрлері бар Астанадағы ең ірі хайуанаттар бағы болып табылады. Мұнда сіз сирек кездесетін альбинос корольдік питонды, әлемдегі ең кішкентай маймылды, қызылқолды тамаринді кездестіре аласыз, Мадагаскар тарақандарымен немесе экзотариумның басқа қызықты тұрғындарымен суретке түсе аласыз