Жиі қойылатын сұрақтар
«Айланд» ОДО — жекеменшік ұйым, сондықтан бізде халықтың әлеуметтік топтары үшін жеңілдіктер немесе нақты талаптар мен бағалар жоқ.
Акциялар әр бағыт бойынша әр айға бөлек бекітіледі. Көп балалы отбасылар, зейнеткерлер және мүгедектер үшін жеңілдік алу шарттары, мөлшерлері мен ережелері көрсетілген арнайы акциялар ай сайын жаңартылып отырады. Барлық ақпарат https://ailand.kz/actions/ сайтының «Акциялар» бөлімінде және Instagram желісіндегі @ailand_cso парақшасында жаңартылады. Арнайы жеңілдіктер тек көрсетілген мерзімде ғана жарамды болады, біздің компания жеңілдіктер алудың шарттарын өз қалауы бойынша, біржақты тәртіппен өзгерте алады.
Арнайы жеңілдікті алудың ең басты ережесі – көп балалы отбасына, зейнеткерлердің әлеуметтік тобына немесе мүгедектерге жататынын растайтын құжаттың түпнұсқасы. Сіз Kaspi kz қосымшасынан осы құжаттарды ұсына аласыз (бірақ: скриншоттар, фотосуреттер және қағаз көшірмелері қабылданбайды).
Барлық арнайы жеңілдіктер демалыс емес, жұмыс күндері ғана жарамды.
Мүгедектер арнайы жеңілдікті акция жүріп жатқан мерзімде ғана (өзіне және ертіп жүретін бір адамға) ала алады, ертіп жүретін адамның жасы 18 жастан асқан болу керек.
Көп балалы отбасы үшін арнайы жеңілдік, ағымдағы айға бекітілген құжатқа сәйкес, жеңілдіктің берілу мерзімі ішінде тек ата-анаға (анасына ғана немесе әкесіне ғана) беріледі және бүкіл отбасы үшін жарамды. Балалар өз бетінше бұл жеңілдікті, құжатпен келсе де ала алмайды.