Жиі қойылатын сұрақтар

Аквапаркке бармас бұрын «ережелер қолхатын» жүктеп алып, толтыру керек

Қолхатты жүктеп алыңыз

Аквапаркке бару үшін сізге: сланцылар, сүлгілер, синтетикалық материалдан жасалған купальник, сабын және жуғыш заттар қажет. Жоғарыда аталған заттардың барлығын кассадан сатып алуға болады. Сүлгі – 1000тг. , сланцы 500тг., халат 1200тг., балалар коляскасын жалдау  2000тг., фен жалдау- 300тг.) Жалға алынған заттарды  жоғалтқан жағдайда, қолданыстағы прейскурант бойынша айыппұл төлеуге тура келеді.

«Айланд» ОДО  —  жекеменшік ұйым, сондықтан бізде халықтың әлеуметтік топтары үшін жеңілдіктер немесе нақты талаптар мен бағалар жоқ.

Акциялар әр бағыт бойынша әр айға бөлек бекітіледі. Көп балалы отбасылар, зейнеткерлер және мүгедектер үшін жеңілдік алу шарттары, мөлшерлері мен ережелері көрсетілген арнайы акциялар ай сайын жаңартылып отырады. Барлық ақпарат https://ailand.kz/actions/ сайтының «Акциялар» бөлімінде және Instagram желісіндегі @ailand_cso парақшасында жаңартылады. Арнайы жеңілдіктер тек көрсетілген мерзімде ғана жарамды болады, біздің компания жеңілдіктер алудың шарттарын өз қалауы бойынша,  біржақты  тәртіппен  өзгерте алады.

Арнайы жеңілдікті алудың ең басты  ережесі – көп балалы отбасына, зейнеткерлердің әлеуметтік тобына немесе мүгедектерге жататынын растайтын құжаттың түпнұсқасы. Сіз Kaspi kz қосымшасынан осы құжаттарды ұсына аласыз (бірақ: скриншоттар, фотосуреттер және қағаз көшірмелері қабылданбайды).

Барлық арнайы жеңілдіктер демалыс емес, жұмыс күндері ғана жарамды.

Мүгедектер арнайы жеңілдікті акция жүріп жатқан мерзімде  ғана (өзіне және ертіп жүретін бір адамға) ала алады, ертіп жүретін адамның жасы 18 жастан асқан болу керек.

Көп балалы отбасы үшін арнайы жеңілдік, ағымдағы айға бекітілген құжатқа сәйкес,  жеңілдіктің берілу мерзімі ішінде тек ата-анаға (анасына ғана немесе әкесіне ғана) беріледі және бүкіл отбасы үшін жарамды. Балалар  өз бетінше бұл жеңілдікті, құжатпен келсе де  ала алмайды.

  1. Кәмелетке толмаған балалар  үшін толық жауап беретін, олардың қауіпсіздігіне, сондай-ақ олардың  Аквапарк мүлкіне келтірген залалдары үшін жауап беретін ересек адам ертіп жүрсе  ғана Аквапаркке кіруге  құқылы. Ересек адам дегеніміз ​​18 жасқа толған қабілетті адам.
  2. Балалар тобына Аквапаркке  кіруге рұқсат етіледі, егер олармен бірге:
  • 1 ересек адам 10 жасқа дейінгі 2  баланы ғана еріп келуге болады.
  • 1 ересек адам, жасы 11-ден бастап 15 жастағы   3 баланы ғана  еріп келуге болады.   

      3. 16 жасқа толмаған балаларға ересек адамсыз келуіне рұқсат етілмейді. 16 жастан асқан балалар құжаттың түпнұсқасын (жеке куәлікті немесе туу туралы куәлікті) көрсеткенде ғана кіруге рұқсат етіледі.

     4. Аквапарк аумағына мүмкіндігі шектеулі адамдар ересек-қамқоршы адам  ертіп келгенде  ғана кіре алады

Балаларға жауапты адам балалардың Аквапарк аумағында құтқару жилетін киіп жүруін  қамтамасыз етуге міндетті және Ереженің осы тармағын сақтамағаны үшін толық жауапкершілікте болады.

1. 16 жасқа толмаған балаларға ересек адамсыз келуіне рұқсат етілмейді. 16 жастан асқан балалар құжаттың түпнұсқасын (жеке куәлікті немесе туу туралы куәлікті) көрсеткенде ғана кіруге рұқсат етіледі.

2.Аквапарк аумағына мүмкіндігі шектеулі адамдар ересек-қамқоршы адам  ертіп келгенде  ғана кіре алады

Балаларға жауапты адам балалардың Аквапарк аумағында құтқару жилетін киіп жүруін  қамтамасыз етуге міндетті және Ереженің осы тармағын сақтамағаны үшін толық жауапкершілікте болады.

0
    0
    Корзина
    Ваша корзина пустаБилет сатып алу
    Открыть чат
    1
    Нужна помощь?
    Scan the code
    Привет 👋
    Чем я могу вам помочь?