Мұхитарал

Мұхитарал

Қазақстандағы тұңғыш, әрі мұхиттан 3000 километрден астам алыста орналасқан әлемдегі жалғыз жасанды мұхит.

Мұхитаралдың сыйымдылығы- 3 миллион литр су, мұнда әлемнің  100-ден астам теңіз фаунасы  өкілдерінен тұратын  3000-дай теңіз мекендеушілері тіршілік етеді. Оңтүстік Америка мен Оңтүстік Шығыс Азия, жағалау аймақтары, тұңғиық су мен кораллды риф тұщы су мекендеушілері мекендейді.

Мұхитарал көлемі әр түрлі  20 аквариумы бар үш үлкен көрме аймағынан тұрады. Мұхитаралдың  басты көзайымы — түбі жылжымалы жолмен жабдықталған 70 метрлік жер асты жолы бар, қалыңдығы 7 см акрил шынысынан жасалған үлкен аквариум.

Аквариумдардың әр түрлі пішінді болғандықтан,   табиғи ортаға өте ұқсас  ортадағы балықтардың тіршілігін бақылауға, жыртқыш балықтарға азық беру сәтін көруге болады.

Жасанды мұхиттың тіршілігі суды даярлау, қалыпты жағдайды ұстау, тазарту үшін қажетті қайталанбас жүйе арқылы жүзеге асырылады. Қызыл теңіз тұзының  көмегімен дайындалған су жабық айналым жүйесінде үнемі тазартылып отырылады да төгіп ауыстыруды қажет етпейді.

Сезімдер  теңізіне  малыныңыз!

   Маңызды! Орталық пен океанариумға бару ережелерін оқыңыз.

Видео

0
    0
    Корзина
    Ваша корзина пустаБилет сатып алу
    Открыть чат
    1
    Нужна помощь?
    Scan the code
    Привет 👋
    Чем я могу вам помочь?