Ailand отбасылық демалыс орталығы

— Астанадағы үлкен отбасылық ойын-сауық орталығы, ол барлық жастағы қонақтар үшін жақсы демалудың, табиғаттанудың және керемет әсерге бөленудің бірегей форматтарын біріктіреді. Біз әрбір келуші үшін мұхит тереңінен бастап тропикалық джунглилерге және панорамалық қала көріністеріне дейінгі шағын саяхатқа айналатын кеңістік жасаймыз.

7 орталық бағыттары
23 жұмыс істеу жылдары
1,5 млн жылына келушілер саны
30 000 м 2 орталық аумағы

Oрталық бағыттары

Бүкіл отбасы үшін ең ерекше ойын-сауық аймақтары

AILAND SPORTS

Бірегей жабық ойын-сауық орталығы – бұл 100 астам аттракцион, фудкорт орналасқан 10 000 ш.м. астам аумақ. Жоба бүкіл отбасы үшін толық демалыс уақытын ұсынуға арналған. Кеңістік бүлдіршіндерден бастап қарттарға дейінгі барлық жастағы адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жоспарланды. Жобаның негізгі сәулет элементі - ғарыш станциясы тәрізді 28 метрлік мұнара. Бұл мұнара бүкіл демалыс орталығының көркемдік бейнесіне басымдық беріп тұр, әрі аттракциондар аймағының өзегі ретінде де қызмет етеді: ойын-сауықтардың бөлігі оның құрылымына тікелей кіріктірілген. Балалардың туған күндерінен бастап корпоративтік іс-шараларға дейін, кез келген сценарийге оңай бейімделетін арнайы көпфункционалды Party Room аймағы жасалды. Ойын-сауық аймағынан басқа, орталықта заманауи фудкорт бар. Демалыс орталығы әртүрлі форматтарды: отбасылық кафе мен fast casual-дан бастап, күнделікті ас мәзірлері мен халықаралық брендтерді ұсынатын асүй орындарына дейін қамтиды.

Толығырақ біліңіз →

МҰХИТАРАЛ

Ailand Океанариумы - астананың орталығындағы ерекше теңіз әлемі. Бұл орталықтың ең танымал көрікті жерлерінің бірі және қаланың шынайы мақтанышы. Океанариум Гиннестің рекордтар кітабына мұхиттан ең алыс - 3000 шақырым қашықтықта орналасқан Океанариум ретінде енгізілген. Географиялық алыс орналасуына қарамастан, мұнда теңіз мекендеушілері үшін мұқият жабдықталған су асты әлемінің толық экожүйесі қайта жасалды. 70 метрлік тоннель: «мұхиттың» тереңінде серуендеңіз, сол сәтте сіздің үстіңізде акулалар мен алып теңіз тасбақалары жүзіп жүреді. Океанариумның суқоймаларында шамамен 3 миллион литр су және әлемнің әр түкпірінен әкелінген 3000-ға жуық теңіз мекендеушілері бар. Океанариумда күн сайын су астындағы қойылым- «Су перісінің шоуы» өтеді. Қонақтардың балықтарға азық беруіне де мүмкіндігі бар, бұл оларға су асты мекендеушілерімен жақын танысуға мүмкіндік береді. Окенариум ойын-сауық және дүниетанымдық қызметті біріктіреді, табиғат пен теңіз жануарларына қамқор болуды қалыптастырады.

Толығырақ біліңіз →

«ДЖУНГЛИ» АНИМАТРОНИКА ТЕАТРЫ

«Джунгли» аниматроника театры - Қазақстандағы ең әсерлі жобалардың бірі. Бұл бірегей кеңістік заманауи технологияларды қолдана отырып, ежелгі дәуірлердің тылсым атмосферасын жаңғыртады. Мұнда ежелгі тайпалар, айбынды динозаврлар және жоғалып кеткен өркениеттердің жұмбақ өкілдері «тіріледі». «Тірілген» ежелгі жануарлар қозғалады, дыбыстар шығарады және ежелгі дәуір әлемінің шынайы ахуалын көз алдыңызға әкеледі. Келушілер әртүрлі саяхат бағытымен жүреді, соның ішінде сталактиттері бар үңгір, жанартау кратері үстіндегі «гүрілдеген» көпір және жоғалып кеткен өркениеттің жұмбақ қаласы. Джунглиде шынайы робот-аниматроникаларды көре аласыз, олар Қазақстанда жасалған. Олардың ішінде: 3,5 метрлік тираннозавр, трицератопс, 8 метрлік горилла, алып көлбақалар және жарқанаттар бар. «Джунгли» аймағында кәсіби гидтер қызмет көрсетеді, олар үш тілде қызықты экскурсиялар өткізеді. Барлық аниматроникалар Қазақстанда жасалған, бұл жобаның бірегейлігін және ойын-сауық индустриясындағы технологияның жоғары деңгейін көрсетеді.

Толығырақ біліңіз →

ШОЛУ ШЕҢБЕРІ

Шолу шеңбері - қаланың ең танымал көрікті жерлерінің бірі және Астанадағы отбасылық көңіл көтерудің таңғажайып символы. Бұл -астананы құс қалықтар биіктен көру және жыл бойы қаланың панорамалық көріністерінен ләззат алу мүмкіндігі. Ailand Шолу шеңбері - Қазақстандағы ең биік Шеңбер, биіктігі 65 метрге жетеді. Аттракционда 36 панорамалық кабина жабдықталған , оның төртеуі аса жайлы кабиналар. «Стандарт» кабина алты адамға, ал «Жайлы» кабина төрт адамға арналған. Барлық қауіпсіздік шаралары қатаң сақталады, Шолу шеңберін білікті мамандар қадағалайды және техникалық тексерістер тұрақты жүргізіледі. Қыста кабиналар жылытылады, ал жазда салқындатылады.

Толығырақ біліңіз →

ЭКЗОТАРИУМ

Ailand Экзотариумы Астанадағы экзотикалық жануарлар түрлері бар хайуанаттар бағы болып табылады. Мұнда сіз сирек кездесетін корольдік альбинос питонын, әлемдегі ең кішкентай маймылды, қызыл қолды тамаринді, мадагаскар тарақанын және Экзотариумның өзге де қызықты тұрғындарын кездестіре аласыз. Мұнда ерекше атмосфера жасалған, сирек кездесетін және ерекше жануарларды барынша ыңғайлы және қауіпсіз жағдайларда көруге мүмкіндік беріледі. Мұнда сирек кездесетін рептилиялар, қосмекенділер және сүтқоректілерді қоса, 40 астам жануарлар түрі көрсетілген. Танымал мекендеушілерге корольдік питондары (сирек кездесетін альбиностарды қоса), игуаналар, варандар және кішкентай приматтар (тамариндер) жатады. Интерьер тропикалық орман стилінде жасалған, экзотикалық жануарлар үшін қажетті арнайы микроклимат (температура мен ылғалдылық) сақталған. Барлық жануарларды мамандар күтіп-өсіреді, көрме алаңы қонақтар үшін де, экзотариум жануарлары үшін де жайлы болу үшін барынша табиғи жабдықталған.

Толығырақ біліңіз →

ЖАЗҒЫ АТТРАКЦИОНДАР ПАРКІ

Ailand жазғы аттракциондар паркі - аспан астындағы белсенді демалысқа арналған кеңістік, онда әрбір серуен мерекеге айналады. Жылы мезгілде парк Астананың ең танымал отбасылық орындарының біріне айналады, динамикалық ойын-сауықты, қуанышты атмосфераны және қауіпсіз инфрақұрылымды біріктіреді. Карусельдер 3 жастан асқан балаларға жарамды және мұнда тіпті Астанадағы жалғыз су аттракционы жабдықталған. Әр жазда Паркте балаларға арналған көңілді бағдарламалар мен ересектерге арналған кешкі музыкалық концерттерді тегін ұсынатын «Жазғы фестиваль» өтеді. Карусельдер жанында тұманды субұрқақ, әдемі жасыл саябақ, балалар ойын алаңдары, street food және ойыншықтар дүкені орналасқан. Барлық аттракциондар тұрақты техникалық тексерістен өтеді және қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келеді. Парк балалы отбасыларға жайлы болу үшін абаттандырылған.

Толығырақ біліңіз →

AIDUMAN АМФИТЕАТРЫ

Ailand ОДО Aiduman  амфитеатры – бұл интерактивті шоулар, мерекелер, тақырыптық спектакльдер және т.б. үшін мамандандырылған алаң. Бұл кең, жайлы театр алаңының өзіндік ерекше атмосферасы бар, мұнда әртүрлі форматтағы іс-шараларды өткізу үшін тамаша жағдайлар жасалған. Театр сахнамен, жарық және дыбыс жабдықтарымен жабдықталған, бұл кәсіби деңгейдегі іс-шараларды өткізуге мүмкіндік береді. Сәтті құрылған архитектура көрермендерге амфитеатр сахнасының кез келген жеріндегі көріністі тамашалауға мүмкіндік береді. Театрда түрлі форматтағы іс-шараларды: театрландырылған қойылымдар мен спектакльдер, концерттік бағдарламалар, студенттер мен музыка мектебі оқушыларының диплом жұмыстары және өнер көрсетілімдері, мәдени және ойын-сауық іс-шаралары, стенд-ап шоулары, шеберлік сабақтары, балалар кештері мен тақырыптық бағдарламалар, интеллектуалды ойындар (квиздер, викториналар, брейн-рингтер) өткізуге болады.

Толығырақ біліңіз →

Ailand-та ең қызықты күн өткізіңіз