«Ailand» ОДО бару ережесі

1. «Ailand» ОДО-ға барудың жалпы ережелері
Ережелерді қолдану және ақпарат. 1. «Ailand» Отбасылық Демалыс Орталығының (бұдан әрі — «Ailand» ОДО) территориясында барлық Келушілер үшін міндетті болып табылатын әкімшілік белгілеген ішкі тәртіп ережелері бар. «Ailand» ОДО-ға бару туралы ережелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әзірленген. Бұл ережелер «Ailand» ОДО аумағында тиісті қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған. 2. «Ailand» ОДО аумағында өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат веб-сайтта, ақпараттық стендтерде және басқа ақпарат құралдарында орналастырылған. «Ailand» ОДО іс-шаралардың мазмұны мен кестесіне өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады.
Қызметтерге төлем шарттары. 1 .«Ailand» ОДО аумағына кіру үшін клиенттің ресми сауда нүктелерінде («Ailand» ОДО кассасында және «Ailand» мобильді қосымшасында, уәкілетті серіктестерден) сатып алған билеті болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. 2. Билет сатып алу кезінде Келуші осы Ережелерді оқып, танысуға міндетті. 3. Билет сатып алу «Ailand» ОДО-ға барудың барлық ережелерін қабылдап, келісуді білдіреді. 4. Кіру билеттері мен фискалдық түбіртектерді «Ailand» ОДО аумағында болған мерзімі кезінде жоғалтпай, орталық қызметкерлері талап еткен жағдайда ұсыну қажет. 5. Билет билетте көрсетілген күні ғана жарамды және оны басқа күні пайдалануға болмайды. 6. Орталық бекітілген жеңілдіктер немесе жеңілдіктер ұсынбайды. Белгілі бір санаттағы адамдар үшін ағымдағы акциялар мен арнайы жеңілдіктер туралы орталықтың кассасынан сұрау керек. Акциялар мен жеңілдіктер онлайн сатып алынған билеттерге қолданылмайды. 7. Қызметтер үшін төлем жасаған кезде Келушінің жасын растайтын құжат қажет. 3 жасқа дейінгі балалар тек туу туралы куәлігінің түпнұсқасы немесе көшірмесі болса ғана тегін кіре алады. 16 жастан асқан адамдар жеке куәлігін көрсетуі керек. Жеке куәлігі болмаған жағдайда, «Ailand» ОДО қызметкерлері жеңілдікпен кіргізбеуге немесе тегін кіргізбеуге құқылы болады.
Билетті қайтару. 1. Билет құнын қайтару келушінің жазбаша өтініші бойынша қайтару себептерін және келушінің жеке куәлігінің көшірмесін чектің көшірмесін, банк шотының электронды деректерін) міндетті түрде көрсете отырып жүзеге асырылуы мүмкін. 2. Билет құнын қайтару тек түбіртек пен билеттің өзі болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Өтінішке осы құжаттардың көшірмелері қоса берілуі тиіс. 3. Өтініш берілген күннен бастап 14 күнтізбелік күн ішінде турникет билетті іске қоспаса, билет сатылғаны туралы тіркелмесе, билет құнын қайтаруға болады. 4. Билет турникет арқылы іске қосылған жағдайда, өтініште көрсетілген қайтару себептері дәлелді деп танылған жағдайда, «Ailand» ОДО басшылығының шешімі бойынша ғана билет қайтарылуы мүмкін. 5. Егер, келуші билет құнын шотқа аудару арқылы қайтарып алғысы келсе, билет құны қайтарылған соманың 10% мөлшерінде комиссия (ақшаны аударғаны үшін банктің комиссиясы) ұстала отырып, қайтарылуы мүмкін. 6. Аттракциондардағы техникалық ақаулар немесе «Ailand» ОДО-ның басқа кінәсінен болған жағдайда, билет құны қайтарылған соманың 10% мөлшерінде комиссия ұсталмастан қайтарылады.
Киімжайды пайдалану ережелері 1. Келушілерге арналған киімжай «Ailand» ОДО жұмыс тәртібіне сәйкес, күзгі-қысқы-көктемгі кезеңде күнсайын жұмыс істейді. «Ailand» ОДО-ға кірерде Келуші киімжайға өзінің сырт киімін өткізуге міндетті. 2. Киімжайға қабылданбайды: — зонттар, портфельдер, сумкалар, дипломаттар, — бағалы заттар, құжаттар, ақшалар, төлем карталары, — телефондар, ШДК, кілттер, әшекейлер, — кір және жағымсыз исі бар киімдер, заттар, — тағамдар. 3. Сыртқы киімді тапсырған кезде киімдер немесе қалталар тексерілмейді, сол себепті: әкімшілік қалтадағы заттарға жауапты болмайды. 4. Келуші киімжайға сырт киімін өткізген соң, орнына нөмірлі жетон алады. Келуші нөмірлі жетон жоғалтқан жағдайда, Келуші айыппұлдар Прейскурантында көрсетілген мөлшерде айыппұл төлеуге міндетті. Келуші нөмірлі жетонды жоғалтқан жағдайда, киімжай қызметкері киімжайға өткізілген мүліктің оған тиесілі екенін қауіпсіздік қызметкерінің көзінше дәлелдеуді талап етеді. Келуші жоғалған нөмірлі жетон үшін төлемді жасаған соң және өз мүлкін алғаны туралы жазған қолхатын берген соң ғана аталған мүлік Келушіге қайтарылады. «Ailand» ОДО территориясынан шығар кезде, Келуші киімжайға бұрын өткізген заттарын киімжайдан алып кетуге міндетті. 5. Егер, киімжайға өткізілген сәттен бастап үш ай ішінде киімдерді иелері киімжайдан алып кетпеген жағдайда, аталған киімдер жойылады

1.5 Әкімшіліктің құқы мен міндеттері 1. Әкімшілік құқылы: 2. Техникалық себептерге байланысты «Ailand» ОДО әкімшілігі жұмыс уақыты мен жабылу уақытын өзгерту құқығын өзінде қалдырады. 3. Тиісті түрде негізделген жағдайларда қауіпсіздік қызметкерлері «Ailand» ОДО келушілердің қол жүгін және жеке заттарын тексеруге құқылы. Келушілер қол жүгін және жеке заттарын көзбен шолып тексеру үшін көрсетуі керек. 4. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін «Ailand» ОДО -да бейне бақылау орнатылған. Келушілер, өздерінің қатысуымен түсірілген кез келген бейне жазбаларды жалпы қауіпсіздік мақсаттарында пайдалану үшін немесе қолданыстағы заңнама шеңберінде сот ісін жүргізуде пайдалану үшін полицияға беруге келіседі.

1.6. Келушілердің құқы мен міндеттері. 1. Келушілер құқылы : — «Ailand» ОДО қызмет түрлері туралы қажетті барлық ақпаратты алуға. 2. Келушілер міндетті: — Кіру ережелерін және қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтауға. — «Ailand» ОДО қызметкерлері және Келушілерімен сыйластықта болуға.

1.7. «Ailand» ОДО аумағында тыйым салынады: 1.Территорияға велосипед, мотоцикл, роликті коньки, скейтбордпен және өзге де спорттық қозғалыс құралдарымен, екі немесе үш дөңгелекті өзін-өзі электрмен баланстаушы электр самокатпен кіруге және тебуге тыйым салынады. 2. «Ailand» отбасылық демалыс орталығының ережелеріне сәйкес, келушілерге үй жануарларын (арнаулы қорапта болса да) орталыққа алып кіруге, сондай-ақ: «Шолу шеңбері» аттракционына және ашық алаңдағы карусельдерге де алып баруға тыйым салынады. 3. «Ailand» ОДО билеттерін (коммерциялық мақсатта немесе жеке бас пайдасы үшін) қайта сатуға, біреуге беруге, немесе таратуға. 4. «Ailand» ОДО қызметтік үй-жайларына кіруге. 5. Келушілерге балағат сөздер айтуға, намысына тиюге, жәбірлеуге, немесе өзге де әрекеттермен «Ailand» ОДО персоналын және өзге келушілерді кемсітуге. 6. «Ailand» ОДО әкімшілігінің алдын-ала жазбаша келісімінсіз, коммерциялық мақсатта фото-, бейне түсірілімдер жасауға. Журналистер «Ailand» ОДО территориясындағы іс-шаралар кезінде 23 шілде 1999 жылғы № 451-I «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» ҚР Заңының ережелерін басшылыққа алуға міндетті. 7. Келушілерге, «Ailand» ОДО аумағына кез-келген үй жануарларын (арнаулы қорапта болса да, арбада болса да, жетектеп жүрсе де) алып кіруге тыйым салынады.
1.8. Тараптардың жауапкершілігі 1. «Ailand» ОДО мүлкін бүлдіргені үшін келушіден мүліктің нақты құнының, тасымалдау шығынының, және осы мүлікті құрастырудың есебінен ақшалай өтемақы алынады. 2. Қалалық қызмет көрсету бөлімдерінің алдын-алу немесе жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізуі себепті туындаған техникалық жайсыздықтар үшін «Ailand» ОДО жауапты болмайды. 3. Үшінші тұлғалардың заңға қайшы әрекеттерімен Келушінің денсаулығы және мүлкіне келтірген зияны үшін «Ailand» ОДО жауапты болмайды. 4. «Ailand» ОДО осы ережелерге біржақты тәртіппен өзгерістер енгізуге құқылы болады; мұндай өзгерістер «Ailand» сайтынның жаңартылған нұсқасы — www.ailand.kz жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
2. Мұхитаралға кіру ережелері мен талаптары 1. Мұхитарал аумағына бір билетпен, бір ретке ғана кіруге. 2. Мұхитаралға 0-11 жастағы балалар ата –анасы немесе заңды өкілі ертіп келген жағдайда ғана келе алады. 3.Мүгедек адамдар Мұхитарал аумағына тек қана ересек-қамқоршының ертіп жүруімен кіре алады (ертіп жүруші тұлғаларға 50% жеңілдік беріледі) . 4. Тыйым салынады: — Сыртқы киіммен кіруге; — Тамақ пен сусындарды алып кіруге; — Спиртті ішімдіктерді алып кіруге және тұтынуға; — Экспонаттарға залал келтіруге. — Қосымша жарықты пайдалана отырып, Мұхитарал мекендеушілерін фотоға түсіруге және бейне түсірілім жасауға; — Экспозициялық балықтарға азық беруге, аквариумға бөгде заттар тастауға. — Аквариум әйнектері мен декорацияларды ұрғылауға, ашық аквариумдерге қолдарын салуға, тұтқаларға шығуға. 5. Мұхитарал территориясында экскурсия өткізу тек қана штаттағы «Ailand» ОДО сапарсерігіне рұқсат етіледі. 6. Экскурсиялық бағдар бойынша жүрген кезде, жол көрсеткіш ақпараттық табличкаларға назар аудару керек. Ғимараттың маңызды бөлігі мұхитаралды тіршілікпен қамту жүйесіне бөлінген. 7. Егер, Келуші қоғамдық тәртіпті бұзып, өзге Келушілерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген жағдайда, әкімшілік Келушіге қызмет көрсетуден бас тартуға және оны Мұхитарал территориясынан шығарып жіберуге құқылы (бұлар жалпы ережелерде де жазылған) 8. Келуші мұхитарал мүлкін бүлдірген және жойған жағдайда, келтірілген материалдық залалды толық өтеуге міндетті.

3. «Джунгли» аниматроникстер саябағындағы тәртіп ережелері 1. Келушілерді «Джунгли» аниматроникстер паркіне кіргізу «Ailand» ОДО-ның жұмыс кестесіне сәйкес, кіретін топтағы келушілер саны 35 (отыз бес) адамға толған соң, театр қызметкерлерінің ертіп жүруімен жүзеге асырылады.
2. «Джунгли» аниматроникстер паркіндегі экскурсия кезінде Келушілер сапарсеріктің нұсқауымен жүруге тиісті. 3. «Джунгли» аниматроникстер паркіне 0- 11 жастағы балаларға ата-анасы немесе заңды өкілдері ертіп келгенде ғана кіруге рұқсат етіледі. 4. Мүгедек адамдар Джунгли аумағына тек қана ересек-қамқоршының ертіп жүруімен кіре алады (ертіп жүруші 50% жеңілдікпен). 5. Экскурсиялық топтардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында Джунгли аниматроникстер паркіне балалар арбаларымен немесе мүгедектер арбаларымен баруға тыйым салынады. 6. Тыйым салынады: -Сырт киіммен кіруге; -Тамақ пен сусындарды алып кіруге; -Спирттік сусындарды алып кіруге және ішуге; -Экспонаттарға залал келтіруге. 7. Келушінің «Джунгли» аниматроникстер паркіндегі тәртіпережелерін бұзуы нәтижесінде туындаған оқыс оқиғалар үшін Әкімшілік жауапты болмайды.
4. Шолу шеңберіндегі қауіпсіздік техникасының ережелері 1.Бір кабинадағы рұқсат етілген жолаушылар саны: кабина «Стандарт» — 6 адам, кабина «Жайлы» – 4 адам; 2.Шолу шеңберінің жұмысы келесі ауа райы жағдайларында тоқтайды: желдің екпіні 14 м/с немесе одан да көп болғанда, жаңбыр, найзағай, -15°C-тан төмен температура немесе 35°C-тан жоғары температура болғанда. Шеңберді тоқтату барлық жолаушылар түскеннен кейін жасалады. 3. Алкогольдік масаң күйдегі және есірткілік масаң күйдегі тұлғаларға аттракционға келуге тыйым салынады. Әсері күшті дәрілік препараттар тұтынған масаң күйдегі адамдарға да аттракционға келуге тыйым салынады. 4. Келушілерге, жасына қарамастан, дәрігерден аттракционға келу мүмкіндігі туралы кеңес алу ұсынылады. 5. Мүгедек адамдар Шолу шеңберініңаумағына тек қана ересек-қамқоршының ертіп жүруімен кіре алады (ертіп жүрушіге жұмыс күндері 50% жеңілдік беріледі). 6. 16 жасқа толмаған балалар ересек адаммен (18+) бірге жүруі керек. 7.Тыйым салынады: -қозғалыс кезінде шылым шегуге, спирттік ішімдіктерді ішуге; -шеңбердің қозғалысы кезінде кабинкаларды шайқауға; — қозғалыс кезінде кабинаға секіріп шығуға және секіріп түсуге; — кабинаның есіктері мен әйнек ойықтарын өз бетімен ашуға тырысуға; — кабинкаға роликті конькимен, мұзайдын конькиімен кіруге; -кабинаға ірі көлемді заттар алып кіруге; -қоларба және өзге де қозғалыс құралдарын кабинаға алып кіруге. 8. Келуші аттракционды пайдалану ережелерін бұзған жағдайда, салдарынан туындаған оқыс, төтенше оқиғалар үшін Әкімшілік жауапты болмайды. 9. Шеңберге отырғызу және түсіру Шеңбер механизмі тоқтаусыз айналып тұрған кезде жүзеге асырылады, бұл кезде мүмкіндігі шектеулі келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкін емес, сондықтан оларға аттракционға кіруге рұқсат етілмейді. 10. Балалар арбасымен немесе мүгедектер арбасымен Шолу шеңберіне кіруге қатаң тыйым салынады. Мұндай қозғалыс көліктерін отырғызу аймағынан тыс жерде қалдыру керек.
5. Балықтарға азық беру ережелері 1. Балықтарға азық беруге барған адам саны 15-тен аспауға тиісті . 2. Азық беру аймағында қатаң тыйым салынады: -Өзімен бірге тамақ, сусындар, дәрі-дәрмек, пиротехникалық бұйымдарды алып келуге; — Үй жануарларымен келуге; — Жарақаттауы мүмкін заттарды әкелуге; — Балықтарға өзіңіз әкелген тамақты немесе жемді беруге; 3. Әкімшілік міндетті: — Қызмет үшін төлем жасаған Келушіге балыққа азық салынған бөтелкені беруге; 4.Келуші келу ережелерін және қоғамдық тәртіпті бұзған жағдайда, сондай-ақ басқа Келушілердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген жағдайда әкімшілік Келушіге қызмет көрсетуден бас тартуға және оларды балық қоректенетін аумақтан шығаруға құқылы.


6. Театрға кіру ережелері мен шарттары 1. Кіру бір адамға бір билетпен шектеледі (стандартты, барлық жастағылар үшін). 3 жасқа дейінгі балалар тегін кіреді. Бір ересек адамға балалар санына шектеу қойылмайды. 2. 0-ден 11 жасқа дейінгі балалар театрға тек ата-анасының немесе заңды қамқоршысы ертіп келсе ғана кіре алады. 3. Мүгедек адамдар театрға тек ересек қамқоршысының сүйемелдеуімен және бөлек билетпен кіре алады. 4. Билеттерде орындар бөлінбеген. Әрбір келуші кез келген орынға отыра алады. 5. Қойылым ұзақтығы: 30 минут. 6. Тыйым салынады: -Тамақ пен сусындарды әкелу; -Алкогольді ішімдіктерді әкелу және ішу; -Шулау, айқайлау, сахнаға жүгіріп шығу; -Экспонаттарды бүлдіру. • Келу ережелері мен қоғамдық тәртіпті бұзған жағдайда, сондай-ақ басқа келушілердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген жағдайда, әкімшілік келушіге қызмет көрсетуден бас тартуға және оны театр аумағынан шығарып жіберуге құқылы (жалпы ережелерге енгізілген). • Театр мүлкі мен жабдықтары зақымдалған немесе жойылған жағдайда, Келуші келтірілген залалды толық көлемде өтеуге міндетті.
7. Аттракциондар Паркіне барудың ережелері мен шарттары. «Ailand» орталығының жанындағы Аттракциондар паркінде 3 жастан асқан балаларға арналған ең қызықты және ерекше аттракциондар бар.
Аттракциондар: 1. Мұхит ұшағы Жасы – 4-12 жастағы бала (ересек адамсыз келуге болады) Бойы: 130 см-ге дейін Ұзақтығы – 3 мин Максималды сыйымдылық — 16 адам 2. Пират кемесі Жасы — 7 жастағы және 7 жастан асқан бала Бойы: 110-дан 140 см-ге дейін, тек ересек адам ертіп келуі керек (ақылы); бойы- 141 см биік болса — (ересек адамсыз келуге болады) Ұзақтығы – 3 мин Максималды сыйымдылығы — 24 адам 3. Дельфиндермен саяхат Жасы — 4 жастан 12 жасқа дейін (ересек адамсыз келуге болады) Бойы: 100 см-ден Ұзақтығы – 3 мин Максималды сыйымдылық — 6 адам 4. Мұхиттық дрейф Жасы – 3-7 жаста болса, ересектермен; 8 жастан асқан балалар — ересектерсіз. 12 жастан асқан балаларға өзінің бауырларын ертіп келуге рұқсат етіледі. 1 қайыққа салмақ: 90 кг-ға дейін Ұзақтығы — 3 мин (2 айналым) Максималды сыйымдылық — 16 адам Қайық үшін төлем (2 адам отырғызу) 5. Мини- шаттл Жасы — 4 -12 жастағылар (ертіп келген адам үшін ақылы, бірақ, ертіп жүретін адамның бойы 150 см-ден биік болмауы керек) Бойы: 150 см биік емес Ұзақтығы — 3 мин (4 айналым) Максималды сыйымдылық — 20 адам 6. Аттары бар карусель Жасы — 5 жасқа дейінгі бала, ересек адам ертіп келеді (ересек адам үшін тегін, ата-анасы баланың жанында тұрады, ересек адам мен балаға 1 билет), 6 жастан бастап ересек адамсыз келуге болады. Ұзақтығы – 3 мин Максималды сыйымдылық — 24 адам
7. Немоны іздеу Жасы — 5 -7 жастағы бала, ересек адам ертіп келеді (ересек адамға ақылы) Ұзақтығы – 3 мин Максималды сыйымдылық — 32 адам
8. Ұшатын тізбек Жасы – 8 жастан бастап Бойы: 140 см-ден жоғары Салмағы: 1 орынға 90 кг дейін Ұзақтығы – 3 мин Максималды сыйымдылық — 36 адам
9. Бамперлік машинкалар Жасы — 5 -7 жаста, ересек адам ертіп келуі керек; 8 жастан асқан бала ересек адамсыз келеді (машинка үшін төлем, ересек және балаға 1 билет), Бойы: 110 см төмен емес Салмағы: 100 кг дейін Ұзақтығы – 8 мин Максималды сыйымдылық — бір машинаға 2 адам.
10. Көңілді паровоз Жасы — 5 жасқа дейінгі бала, тек ересек адаммен бірге (ересек адамға тегін), 5 жастан асқан баланы ертіп жүруші өзі үшін де жеке билет сатып алады. Ұзақтығы: 6 мин Максималды сыйымдылық: 4 вагон, бір вагонға 5-6 адам.
Аттракциондар паркінің қызметкерлері аттракционға кіргізбеуге құқылы, егер: — келуші әрекетке қабілетсіз (дене немесе ментальды кемістігі бар) немесе адекватты емес күйде болса; — аттракционды пайдалану ережелерін сақтаудан немесе аттракцион диспетчерінің нұсқаулары мен талаптарын орындаудан бас тартса (мысалы, ережелерге, салмағына, бойына, жасына және т.б. сәйкес келмесе); — оның әрекеті немесе әрекетсіздігі оның қауіпсіздігіне, өзге адамдардың денсаулығы мен өміріне, Аттракциондар паркінің мүлкіне қауіп төндірсе; — Басқа себептер бойынша, егер оператор- бақылаушы «келушінің аттракционды пайдалануына рұқсат жоқ» деп есептесе. Барлық ескертулер, шағымдар мен ұсыныстар бойынша ailand.astana@gmail.com мекенжайына хабарласыңыз




8. Төтенше жағдайлар туындаған кездегі Келушілердің іс-қимыл тәртібі
1. Төтенше жағдайлар: табиғи апаттар немесе техногендік сипаттағы апаттар, өрт және т.б. туындаған кезде қызмет көрсету персоналы Келушілерді сабырға шақыруы керек. 2. Келушілер қызмет көрсету персоналының бұйрықтарын қатаң орындауы керек. 3. Персоналдың бұйрығы немесе апаттық дабыл берілген кезде, Келушілер аттракциондар, барлар, мейрамханалар, сантораптардан және т.б. шығып, апаттық шығу жолдарын, өрт сатыларын және жаяу жүру жолдарын пайдаланып ашық аймақтарға шығуы керек. 4. Эвакуация схемалары «Ailand» ОДО территориясында ілінген. 5. «Ailand» ОДО-дан шығу кезде Келушілер сабыр сақтап, кіру билетін жоғалтпауға, жүгірмеуге, өткелдерде немесе баспалдақтарда кептеліс жасамауға, тұтқалардан ұстап жүруге, қоршаулардан аттамауға немесе қоршауға сүйенбеуге және ОДО биік жерінде орналасқан аумақтардағы қозғалыстан аулақ жүруге міндетті. 6. Ересек Келушілер балалардың қауіпсіз эвакуациясын қамтамасыз етуге жауапты. *«Заңды өкіл» дегеніміз баланың ата-аналары немесе заңды қамқоршылары баланы ОДО-ға алып баруды сеніп тапсырған 18 жастан асқан құзыретті жеке тұлға. 16 жасқа толмаған баланы ертіп жүретін тұлға баланың денсаулығын қамтамасыз ету үшін, ОДО аумағында балаларды қадағалау үшін және балалардың әрекеттері үшін толық жауапкершілікті өз мойнына алады.