Қор
Арнайы жеңілдіктер
Арнайы жеңілдіктер мереке күндеріне сәйкес келмейтін жұмыс күндері ғана қолданылады.
Арнайы жеңілдіктер тек кассадан келесі бағыттарға билет сатып алған кезде беріледі: Мұхитарал, «Джунгли» аниматроникалық театры, Экзотариум және Шолу шеңбері.
- КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА — 50%
(Жеңілдік ата-ананың біреуіне рәсімделіп, отбасының барлық мүшесіне қолданылады.) - МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАРҒА және олармен бірге жүретін 18 жастан асқан бір адамға — 50%.
- ЖАЛПЫ БЕЛГІЛЕНГЕН ЗЕЙНЕТКЕРЛІК ЖАСҚА ТОЛҒАН АДАМДАРҒА:
ӘЙЕЛДЕРГЕ — 61 ЖАСТАН, ЕРЛЕРГЕ — 63 ЖАСТАН БАСТАП — 50%.
Егер мереке жұмыс күніне сәйкес келсе, сол күні акциялар мен жеңілдіктер қолданылмайды.
Арнайы жеңілдікті алу үшін кассада тиісті құжаттың түпнұсқасын көрсету қажет.
Кассир билет сатып алар алдында орталықтың клиенттеріне арнайы жеңілдіктер мен акциялар туралы хабарлауға міндетті емес. Акциялар және оларға қатысу шарттары туралы ақпарат ақпараттық стендте, сайтта, мобильді қосымшада және Instagram желісіндегі @ailand_cso парақшасында орналастырылған.
