Шолу шеңбері

Аттракцион  қаланың  панорамалық көрінісін тамашалауға арналған  36 кабинамен  жабдықталған,  олардың төртеуі – жоғары сапалы жайлы кабина. «Стандарт» кабинкасының сыйымдылығы -алты адамдық, «Жайлы» кабинканың сыйымдылығы-   төрт адамдық.

Конструкциясы Астананың климаттық жағдайына арнайы бейімделіп әзірленген. Аттракцион техникалық тексерістен өткізілген,  ТМД елдерінің нормалары мен МЕМСТ-ке сәйкес  келеді. Кабиналар   ауабаптағыш және жылыту жүйесімен жабдықталған,  келушілердің   жылдың  төрт мезгілінде де  аттракционға келуіне   мүмкіндігі бар.

Қысқы маусымда Шолу шеңбері 15 градусқа дейінгі суықта, жазда + 32 градусқа дейінгі ыстықта жұмыс істейді.  Шолу шеңбері қауіпсіздік  техникасының ережелеріне сәйкес,  секундына 14 метр жылдамдықтағы желде, жаңбырлы және нөсерлі күндері жұмысын тоқтатады.

Бұл аттракционға  келудің қатаң ережелері бар. Билет сатып алмас бұрын оларды оқыңыз.

0
    0
    Корзина
    Ваша корзина пустаБилет сатып алу
    Открыть чат
    1
    Нужна помощь?
    Scan the code
    Привет 👋
    Чем я могу вам помочь?